Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова тағы да Walt Disney мультфильм кейіпкерін дыбыстап жатыр

Әнші Walt Disney студиясы ұсынған тағы бір мультфильмнің дыбыстау жұмыстарына атсалысып жатыр.

image

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мақпал Исабекова бірнеше жыл бұрын Ресей Өнер театры университетін тәмамдаған болатын. Аталған ЖОО-дан алған дипломы тағы да кәдесіне жарады. Бұл жолы ол Walt Disney ұсынған “Моана” мультфильмін қазақ тілінде дыбыстау жұмыстарына атсалысып жатыр.

Естеріңізде болса, 2012 жылы Мақпал Исабекова Disney/Pixar студиясының Қазақстан кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде көрсетілетін “Батыл жүрек” мультфильмінде екі әнді орындаған болатын.

“Қазақ тіліне аударылып отырған Walt Disney студиясының жаңа жобасына қатысып жатырмын. Мен үшін ерекше қызықты тәжірибе болмақ. Дыбыстау ұжымына алғысым шексіз”, – дейді Мақпал Исабекова. Аталған туындыны дубляждау жұмыстарына Бүркіт, Лидия Кәденова сынды танымал адамдар қатысуда.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова әріптесі Әдеміні ұятқа қалдырды (фото)

Мақпал Исабекова өзін кәріс актрисасының “көшірмесі” деген бойжеткенді орнына қойды

Мақпал Исабекова тыңдармандарын үй киімімен таң қалдырды (фото)

Итін “өлтірген” Мақпал Исабекова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау