Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова осы күнге дейін тыңдармандарын алдап келгенін айтты

Мақпал Исабекова осы уақытқа дейін пластикалық ота жасатқанын айтқан болатын. Енді әнші өзінің бұл сөзін қалжыңға балап, хирург мамандардың көмегіне жүгінбегендігін жеткізді.

image

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Мақпал Исабекова қабағына пластикалық ота жасатқанын айтқан болатын. Тіпті, мұның дәлелі ретінде видео салған-ды. Енді әнші өз сөзінен бас тартып, ешуақытта ота жасатпағанын айтты.

Аталған видеодан кейін көпшілік әншіден ота жасатқан хирургі туралы сұрай бастаған сыңайлы. Әрқайсысына бір-бірден жауап бермес үшін бұл туралы парақшасында жазуды жөн көрген.

“Маған еуропалық қабақ немесе блефаропластика жасаған хирург жер бетінде жоқ. Тағы да айтамын, мұндай адам жоқ! Әрине, мұндай ота жасайтын хирург мамандар бар, алайда мен ешқашан олардың көмегіне жүгінген емеспін. Менің қабағым өзімдікі, оны сондай жақсы көремін.

Кейін қартайғанда кей терімді кестіретін шығармын, дәл қазір қажеттілікті сезінбеймін. Superstar кезінде инстаграм болмағандықтан, менің бұрын толық болғанымды көп адам біле бермейді. Осыдан 6-7 жыл бұрын бетім томпақ болып қабағымды жауып тұратын”, – дейді әнші.

Десе де, әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне сенбеген сыңайлы. “Жарайды енді өтірік ақталмашы. Маған сенің пластикалық ота жасатқан, жасатпағаның бәрібір. Жұрт не десе де, тәнің өзіңдікі ғой” дейді желі қолданушыларының бірі. Ал екіншілері Мақпал Исабекованың бұрынғысынан да сұлу бола түскенін тілге тиек еткен.


Жіберіп алмаңыздар:

Мақпал Исабекова бір кездері брекетінен намыстанғанын айтты

Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды

Желі қолданушылары Мақпал Исабековаға іздеу салды

Мақпал Исабекова өзінің ескі суретінде тәте көрінетінін жасырмады

Талқылау