Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал тыңдармандарынан өзіне марапат алуға көмектесулерін сұрады

Отандық арналардың бірінде ұялы телефонмен дауыс беру арқылы тыңдармандар үздік әншісін таңдап жатыр. Аталған байқауға Мақпал Исабекова да қатысқан. Ол 13 жыл сахнада ән салса да, мұндай жүлде алмағанын айтады. Артынша желі қолданушыларынан өзіне дауыс беруді сұрады.

image

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“13 жыл сахнада жүріп, ешбір арнадан естелік сыйлық алмаған екенмін. “Ең үздік орындаушы” ретінде… Мұндай марапат болмаған шығар. Мүмкін мен бұл марапатқа лайық болмаған шығармын. Мүмкін тыңдармандарымнан белсенділік танытуды сұрамаған шығармын. Дәл мұндай естелік сыйлық сіздердің маған деген махаббаттарыңыздан артық емес.

Бірақ мен бүгін сол сыйлыққа қол жеткізіп, оны бала-шағама қалдырғым келеді. Әке-шешемнің сол марапатқа лайық болғанымды көріп, қуанғандарын қалаймын.  Мен оны алғым келеді. Іштей бұлай өтініп сұрап жатқаным үшін ұялып та отырмын. Басқаша айтып көрейін. Егер сіздер мені әлгі жүлдеге лайық деп тапсаңыздар, жалқауланбай менің арманымды орындауға кіріссеңіздер”, – дейді әнші.

Десе де, Мақпал Исабекова барлығының әділетті өткенін қалайды. Ол тек жүрек қалауымен дауыс берген жөн дейді.

Әншінің бұл өтінішін естіген тыңдармандары оны қолдауға кіріскен. Түрлі тілек білдіріп, күн сайын бірнеше рет дауыс беріп жатқанын жеткізді. Арасында бұл жүлдеге Мақпалға қарағанда, Жанар Дұғалованың лайық екенін айтқандар да бар. Ал әзірге байқаудың қорытындысы қашан жарияланатыны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Мақпал Исабекова бір кездері брекетінен намыстанғанын айтты

Әнші Мақпал Исабекова өкінішін жасырмады

Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды

Мақпал Исабекованың әні «Әлемдік хит-парадта» үздік атанды

Талқылау