Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова мистикалық фильмге түсіп жатыр

Шығармашылығын шыңдауға белсене кіріскен Мақпал Исабекова кино әлеміне қайта оралды. Ол жақында таспаланатын Әділхан Ержановтың жаңа жобасында басты рөлдердің бірін сомдайды.

макпал-2-010317

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.

Бір сұхбатында Мақпал дәл осы Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба», «Қожайындар» атты фильмдерін тамсана көргенін айтқан еді.

Режиссердің айтуынша, Мақпал бұл фильмде мистикалық рөлді сомдайды. Кинокартина «Таңсәрі» деп аталмақ.

Ержановтың айтуынша, мұндай фильм елімізде бұрын соңды түсірілмеген. Фильм туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді режиссер алдағы уақытта жария ететінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова өзін күйеуімен табыстырған жандарға алғыс айтты

Әли Оқапов өзін “қазанбас” және “қалқанқұлақ” деп атады (фото)

Әйгілі “Біздің жігіттер” әнін орындаған Исабекова желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Атақты әнші Нұрғали Нүсіпжанов 80 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Талқылау