Мақпал Исабекова: Instagram-да оқырман жинау – ұмтылатын нәрсе емес

Жұма, 21 Сәуір , 2017 15:52

Бірнеше ай бұрын желідегі парақшасын сатып, аяқсыз қалған бойжеткенге көмек көрсеткен Мақпал Исабекова мұндай ойға қалай келгенін айтып берді. Әнші Instagram-да не болмаса басқа әлеуметтік желілерде оқырман жинау – ұмтылатын нәрсе емес деп отыр.

17596196_1799100907075057_3938662676049166336_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Парақшамды сатып жібергенде әріптестерім: «Қалай сен бір миллион оқырманыңды алдың да бере салдың?» – деп жазып жатты. Ол ұмтылатындай соншалықты маңызды нәрсе емес. Оқырмандарымды ренжіткім келмейді, бұл сөзімнің оларға қатысы жоқ. Яғни, Instagram сияқты кез келген желі заманауи болып кетті. Бірақ ол ұмтылатын нәрсе емес. Қаншалықты маған ауыр сөз айтқызып, мені жалатқан жерден (яғни Instagram-нан) жақсы нәтиже шығарғым келді. Бір адамға болса да көмегі тисін деген оймен саттым», – деп түсіндірді әнші.

Мақпал парақшасын сатуды о баста жоспарламаған.

«Парақшамды сатамын деп ойлаған жоқпын. Бір уақытта сондай ой келді, сол кезде Instagram-ға кіріп қалғанымда Direct-ке бір қыз жазды: «Мына қызға репост жасап жіберіңіз, оған Қытайда операция жасатуға қаражат қажет болып тұр», – деп. Мен оны бір белгі деп қабылдадым. Сонымен парақшамды сатып, ақшаны сол қыздың ағасына толықтай аударып бердім», – дейді Мақпал.

Исабекова өзі көмектескен қызбен араласып тұрады екен.

«Ол қыз қазір Алматыда жүр. Араласып тұрамыз. Оған жазып, халін сұрап тұрамын. Бұйырса осы 1-2 күнде кездесеміз, шай ішеміз. Ол қызды шайға шақырдым. Әңгімелесіп, көңілін аулап, көңілін көтергім келеді.

Ол кішкентай қыз емес. 87 жылғы қыз. Сондай бір ауыр жағдайға тап болды, бірақ батыл қыз. Сондай жағдайға түстім екен деп қолын сілтеп отырып қалған жоқ. Арпалысып, күресіп жүр. Мен оны қолдаймын, барынша көмек көрсетемін», – деп түйіндеді сөзін Исабекова.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Ерке Есмахан “қылықтары жасанды” деп сынайтындарға жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар