Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова бейәдеп қылығымен шошытты

Мақпал Исабекова желі оқырмандарын бейәдеп қылығымен шошытты. Әнші ортаңғы саусағын көрсетіп түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

15251778_381911552159196_383206864868868096_n

Исабекова тыңдармандар тарапынан жиі саналатын әншілердің қатарында. Оған себеп сан алуан. Бірде ол су киімімен түскен суретін жариялағаны үшін сөгіс естісе, енді бірде имиджін өзгерткені үшін ұрыс естіді. Әнші өзіне мін тағатын жандардан шаршаса керек-ті, Исабекова оларға жауап берді.

“Менің жеке үлесім. Қаралағанды ұнататындар, тырнақ астынан кір іздейтіндер, рахмет айтпаңдар. Жазыңдар. Жалғастырыңдар. Ойдан құрастырыңдар”, – деп жазды ашуланған әнші желідегі парақшасында.

Одан бөлек Исабекова әлдебіреулердің оның намысына тигенін атап өтті.

Желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер оны бейәдеп қылығы үшін сынаса, ендігілер түсіністікпен қарады.

“Макося, қойшы, жараспайды саған мұндай қылық”, “Жарайсың Мақпал, небір сөз ұқпайтын адамдарға осылай істеу керек”, “Иә, Мақпалдікі дұрыс, біреудің өмірінде не шаруаларың бар”, “Осылай жазғанына қарағанда демек соған дейін жеткізген”, “Ондайларға мән берсең олардың жеңгені ғой, алып тасташы Мақпал”, – деп жазды олар.

Жіберіп алмаңыз:

Ақын Баянға өлең арнады: Сен жалғыз әйел емессің, байының жеген таяғын

Төреғалидің ішімдік ішіп отырған суреті көпшіліктің ашуын туғызды

“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)

Әнші Айша: Атақ пен даңқ әйелді бақытты етпейді

Талқылау