Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Исабекова алғашқы махаббаты туралы жасырмай айтып берді

Танымал әнші Мақпал Исабекова Instagram-парақшасында көпшіліктің сұрағына жауап берді. Ол алғашқы махаббаты туралы да жасырмай айтты, деп жазады Stan.kz.

Мақпал Исабекова

Әншінің желідегі оқырмандарының бірі одан алғашқы махаббаты туралы сұраған. Өз кезегінде Исабекова алғаш рет 6 жасында ғашық болғанын айтты.

«Ол кезде 6 жаста едім. Ол – анамның әріптес-құрбысының ұлы. Үнемі үйіне қонаққа барғым келіп тұратын. Бірге мультфильмдер көретінбіз. Сондай махаббат болды. Бұл тамаша еді», – деп жауап берді әнші.

Мақпал Исабекова алғашқы махаббаты туралы жасырмай айтып берді

Сондай-ақ желі қолданушыларының бірі әншіден арманындағы ер адамның қандай екенін сұрады.

«Маған жетуіне ұзақ уақыт керек болғанына қарағанда, өте баяу адам», – деп күлді Исабекова.

Мақпал Исабекова алғашқы махаббаты туралы жасырмай айтып берді

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау