Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махаббат бекеті-2: Алагөзова мелодраманың жалғасы қандай болатынын айтты

«Махаббат бекеті-2!» Баян Мақсатқызы аталмыш мелодраманың жалғасын қалай өрбітпек? «Махаббат бекеті!» Иә, ерекше сезімге толы кинотуындыны тамашаламаған жан жоқтың қасы шығар, сірә! Айтпақшы, аталмыш фильмдегі Гүлназдың рөлін сомдаған Баян, әйгілі мелодраманың екінші бөлімін таспалауды қолға алмақ. Картинаның жалғасы қалай өрбімек? Алагөзованың өзі айтсын…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Махаббат бекеті» картинасы 1993-ші жылы жарыққа шыққан. Мектепті тәмәмдаған түлектердің сезімге толы хикаясын суреттейтін фильмге, биыл 25 жыл толыпты. Басты рөлді сомдаған Баянды бүгінде бүкіл ел таныса, аталмыш мелодрамада Гүлназға ынтық Орал мен Жеңіс, яғни Қуанышбек Адылов пен Бөпеш Жандаевтар көрермен көзінен жырақта жүр.

“Біздің кинодан кейін достығымыз жалғасқан жоқ! Білуімше Қуанышбек Адылов қазіргі таңда, Алматыдағы қуыршақ театрларында жұмыс жасайды. Анда-санда кастингтерде көріп қаламын. Ал, Бөпеш Жандаевпен жиі жүздесіп тұрамыз, Бірақ тек жұмыс бабымен ғана”, – дейді Баян.

Алагөзованың айтуынша, «Махаббат бекетіндегі» үш ғашық, ширек ғасырдан соң тағы да түсірілім алаңында бас қоспақ. Бүгінде сценарий жазылып,  режиссер таңдалу үстінде екен. Тіпті, пысық продюсер аталмыш картинаның тұпнұсқасын таспалаған Теменовтің де рұқсатын алып үлгеріпті.

“Таяуда ғана Талғат Досымғалиұлына қоңырау шалдым. Барлық мән-жайды түсіндіріп, жоспарларыммен бөліскен болатынмын. Ол «Махаббат бекетінің» жалғасын түсіруге рұқсатын берді”, – дейді Алагөзова.

Иә, алғашқы бөлімде Орал мен Гүлназдың махаббат хикаясы дәл осылай аяқталған еді. Мелодраманың 25 жылдан кейінгі жалғасы енді қалай өрбімек?!  

“Орал мен Гүлназ соңында бәрібір қосыла ма әлде жоқ па? Бір жағынан Гүлназдың қызы Алманың, есейіп қалғанын да естен шығармауымыз керек. Ал, Оралдың өз отбасы ше? Балалары бар ма? Бұл да көрерменге қызық. Сондықтан,  сюжеттің ерекше боларына сенеміз!”, – дейді продюсер.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев өзімен ән айтқысы келетін қыздар арасында байқау жариялады (видео)

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың шағымына жауап берді

Науқас балалардың арманын орындаған Қайрат Нұртас көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)

Роза Әлқожа артық салмағы үшін жылдар бойы елден қысылып келгенін айтты

Талқылау