Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махаббат үшін жасалған 10 ессіз әрекет (фото)

Тарихқа үңілсеңіз қаншама әдемі әрі әсерлі махаббат хикаяларын кездестіруге болады. Адамдар махаббат үшін кәсібін де тастап, өмірін де өзгертіп жатады. Сезім үшін болған ессіз әрекеттер мен көңіл толқытар сәттердің бірнешеуіне куә болыңыз.

ымым

Бұл туралы adme.ru сайты хабарлайды.

Бірде бір бразилиялық қыз жаңбыр жауып тұрған сәтте көшеге шығады. Бірақ, аспаннан жаңбыр тамшысы емес нағыз қызыл роза гүлі жауып тұрды. Сөйтсе, оны ессіз сүйген жігіт осындай жолмен сүйіктісінің көңілінен шыққысы келген екен. Ол қыздың үйінің үстіне 100 келі роза гүлін жаудырған.

ымым

Лондонда тұратын кеңсе қызметкері махаббаты үшін өзінің жинаған ақшасының барлығын жұмсайды. 4 сағатқа жуық уақыт әрбір 2 минут сайын оның сүйіктісіне арнаған жүректен шыққан сөздері Пикадиллидің жаңалықтар таблосына шығып тұрды.

77

Италиялық Виктория есімді қыз Мароккоға демалуға келіп, жас француз жігіті Паскальмен танысады. Жігіт қызға ә дегеннен ғашық болып қалады. Алайда Виктория демалысы аяқталған соң дереу еліне кетеді. Паскаль болса өзінің сезімін дәлелдеу үшін, Италияға қарай жаяу жолға шығады. Ол 7 жұп аяқ киім ауыстырып 2700 шақырым жол жүрген. Оның осы жүрісі бекерге кеткен жоқ: Виктория тұрмысқа шығуға келісім берген.

7777

Ол 326 күн король болған. Алайда оның өмірін қарапайым ғана америкалық қыз өзгертіп жіберді. Ол қызды сүйіп қалып, онымен байланысқа шығуды көздейді. Ақыры тақтан кетуге де шешім қабылдайды. Бұл шешіміне ренжіген отбасы одан теріс айналған. Олар Булан ормандарында, ел көзінен жырақта өмір сүреді. Тек бір-бірінің қасында, ешкім кедергі келтірмеуін қалап адамдардан саяқ ғұмыр кешеді.

Безымянный

Тапқыр италиялық азамат жедел жәрдем көлігін айдап, сүйіктісіне айқайлап ән арнамақ болады. Бірақ, көршілері мұнысын дөрекі деп бағалап, полиция шақыртқан. Ол “неліктен осы көлікті таңдадың” деген сұраққа, “мен серенаданы орындау үшін музыкалық сүйемелдеу керек болды, ал мен ешқандай аспапта ойнай алмаймын” деп жауап берген.

58

19 жастағы қытайлық жігіт бір қызға ғашық болады. Оның таңдағаны өзінен 10 жас үлкен болып шықты. Алайда, оның отбасы бұл шешіміне түбегейлі қарсы болып, тіпті мұны естіген көршілері мен достары жігітпен мүлде араласпай қояды. Алайда, жігіт ешқайсына көнбей, өз сүйіктісіне бірге тауға қашып кетейік деген ұсыныс жасайды. Бір қызығы қыз да бұған келіскен. Екеуі онда үңгірді үй секілді лайықтап жасап алып, 50 жылдан бері бірге бақытты өмір сүріп келе жатыр.

74

Махаббат қызуы тек еркекке ғана қатысты нәрсе емес. Америкалық суретші қыз 245 күн ерінбестен жігітінің ауласындағы гүлдерді салып шыққан. Мұның барлығы бір күні таңертең оянған жігіттің, терезесінен гүлдерден құралған портретті көруі үшін жасалған еді.

57

Нико Пиросман есімді суретші афишадан биші Маргарита Да Северді көріп қалып, бірден ғашық болады. Ақырында оның махаббаты сәт сайын өршіп ол ессіз қадамға барады. Өзінің туған күнінде Пиросман өзінің барлық мүлкін сатып, түскен ақшаға қаладағы барлық гүлдерді сатып алады. Гүлдердің барлығын тоғыз арбаға тиеп оның үйіне аттандырады. Соншама көп гүлді көріп таңырқаған қыз, алғысын суретшіні сүйіп жеткізеді.

24

Колин есімді жас жігіт автоинспектор болып жұмыс істейтін қызды жақсы көріп қалады. Алайда қыз жігітті елей қоймайды. Бірақ, Колин мұншалықты оңай беріле салуға көнгісі келмей, ол бірнеше рет жол ережесін әдейілеп бұзады. Мұның бәрі инспектор қыздың әр ереже бұзған сайын жігітке келіп, айыппұл салуы үшін еді. Жігіт, осы әдісі арқылы өз арманына жетіп, инспекторды әйел қылып алады. Осы жетістікке жету үшін Колинге барлық айыппұлды өтеп, 110 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға тура келген.

14

Талқылау