Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өз бағаңды білуің керексің": Асылхан Төлепов неге киноға түскісі келмейтінін айтты

Асылхан Төлепов отандық киноиндустрияның былығын әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ревью» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Жау жүрек мың бала» тарихи туындысында бой көрсетіп,  қалың көпшіліктің жүрегін жаулаған Асылхан Төлепов, соңғы кездері түсірілім алаңынан сирек байқалады. Өнер иесі бірде сценарийге көңілі толмаса, енді бірде төленетін қаражатты аздық ететін көрінеді.

Сартай батырдың образын сәтті сомдаған соң Асылхан көлемді картиналардан көп көрінбейді. Киноға ұсыныс келіп жатқанымен, актер түсетін туындысының мағыналылығына мән беретін сыңайлы. Асылхан сценарийдің сауатты болуын басты назарда ұстайтын көрінеді.

«Қандай деп сұраймын ғой. Жас бала махаббаттан күйзеліп, ішіп кетті, шегіп кетті, жолы болмай, үйленейін деген қызы мерт болды деген сценарийлер. Ол біздің қоғамға керек пе, керек емес пе білмеймін. Сол үшін мен бас тартамын», - дейді.

Отандық кинонарықта Төлеповті толғандыратын мәселе көп-ақ. Бірде сценарий ұнамаса, енді бірде қаламақы мәселесі мәз емес.

«Көп уақытыңды алады, уақытқа лайықты қаражат бермейді. Сен өз жұмысыңды өзің бағалау керексің, өзіңнің бағаңды білу керексің», - дейді өнер иесі.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр