Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маған жақын адам: Назарбаев Путинді мақтады

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы екі онжылдықта Ресейде болған күрделі өзгерістерді Ресей мемлекетін қайтадан «жинап» алған Владимир Путиннің арқасы деп біледі.

Фото: ҚР президентінің сайты

Қазақстан президенті соңғы 20 жылда Ресейде болған өзгерістерді елеусіз қалдырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ең бастысы барлық өзгерістер бейбітшілік жағдайында, қақтығыстар мен төңкеріссіз жүрді.

«Ресей ішкі факторлар болмағанда  бүгінгі күні бұдан да үлкен жетістікке қол жеткізетін еді. Бірақ осыған қарамастан Ресей президенті Владимир Владимирович Путин әлемдік деңгейдегі саясаткер болды. Мен жақын адамымды мақтағым келгеннен айтып отырған жоқпын. Ол шын мәнінде солай. Біз әрдайым әңгімелесіп, ашық сөйлесеміз.  Әр түрлі тақырыптарды талқылаймыз. Қазір ол жақсы дайындалған адам. Әлем саясатында және қарым-қатынастарын жақсы білетін адам. Ресейдің патриот азаматы. Ол Ресейді бар жанымен қорғауға тырысады. Бүгінгі күні Ресейді елестету онсыз елестету мүмкін емес”, – деді Назарбаев “Россия 24” арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге басшылыққа келген Владимир Путиннің Солтүстік Кавказдағы соғысты ретке келтіргенін атады. Әлсіз және бүлінген елді біріктіргенін алға тартты.

«Батыстың санкцияларына байланысты шабуылдар – бұл мүлде жеке тақырып. Ресейліктер өз күшін жинап, алға жылжуда. Біз үшін пайдалысы – Ресейге ауылшаруашылық өнімдерін жеткізіп жатырмыз, сауда жасап жатырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Қазақстан көшбасшысы Ресейдің күшеюі әрі тәуелсіз бола түсуі көрші елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға оң әсер ететінін атады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау