Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әйел әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізу үшін, баласын жылдар бойы аш ұстап келген

Магадан облысының тергеу комитеті әлеуметтік жәрдемақы үшін жылдар бойы баласын аш ұстап келген әйелді айыптады.

Тергеу жұмыстары әйелдің 2008 жылдың 29 желтоқсанына дейінгі уақытта мемлекеттік бюджет есебінен күн көру амалын ойлап тапқанын анықтаған. Ол үшін әйел жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге қол жеткізу жолдарын ойлап тапқан.

«Осы мақсатта ол күйеуімен бірге ата-анасының қарауынсыз қалған магадандық баланы асырап алған. Әйелдің жоспарынан күйеуі хабарлар болмаған. Мұнан кейін арам ойын жүзеге асырғысы келген әйел баланы аш ұстап, түрлі дәрі-дәрмектер берген. Осылайша жасанды жолмен баланың асқазан-ішек жолдарын ауыртқан», – деп мәлімденеді Магадан облысы ТК хабарламасында.

Нәтижесінде 2010 жылы мемлекет балаға бір жылға мүгедектік жағдайын тағайындап, түрлі жәрдемақылап төлей бастаған. Мүгедектікті сақтап қалу үшін, әйел 7 жыл көлемінде баланың денсаулығына зиян келтіріп келген.

Салдарынан бала ағзаның қатты әлсіреуіне байланысты дертке шалдыққан. Хабарламада аталғандай, әйел қатігез әрекеті арқылы баланың денсаулығына өміріне қауіп төндіретін зиян жасаған.

Қазіргі уақытта әйел қамауда отыр.

Оқи отырыңыз:

Пугачева мен Галкин некелерін қиды (видео)

Әлемге танымал әншіге күнбағыс бейнеленген көйлегі үшін Қытайға кіруге тыйым салынды

Сауд Арабиясында тұтқындалған ханзадаларға бас бостандығы үшін ақша төлеу ұсынылды

Бішкекте жас жігіт көзін байлап, Қазақстан туымен көшеге шықты (видео)

Талқылау