Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадридтік жанкүйерлер “Реал” футболшыларын ерекше қошеметпен қарсы алды (видео)

Мадридтік “Реал” 2 сәуір күні ел чемпионаты аясында католониялық “Барселонаға” қарсы ойнап 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

вмвмвм

Сурет clubz.bg

“Реал” мен “Барселона” әу бастан бітіспес қарсыластар саналады. Сондықтан қос команданың өзара матчына “Эль-классико” деген айдар тағылған. Бұл жолғы кездесу католониялық клуб алаңында “Камп Ноуда” өтті.

Ойынның бірінші таймы тең аяқталған. Тек 56-шы минутта бірінші болып алаң иелері сапынан Жерар Пике есеп ашқан. Алайда көп өтпей “Реалдың” франциялық шабуылшысы Кәрім Бензема есепті теңестіріп кетті. Ойынның соңына таман тәртіп бұзған Серхио Рамос алаңнан қуылған. Арада үш минут өткенде Криштиану Роналду гол соғып, “Реалды” алға шығарды.

Мадридтік клубтың жанкүйерлері ойыншыларды ерекше қошеметпен қарсы алды. Мұнда клуб базасына футболшылардың көбісі өз көліктерімен келген.

Талқылау