Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадридтік «Реал» 11-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Испандық футбол клубы  «Реал» Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден испандық «Атлетиконы» жеңіп, 11-інші рет  жеңімпаз атанды. 20160529073455

Кездесу Миланда, 80 мың адамға арналған «Сан-Сиро» стадионында өтті.

Матчтың негізгі және қосымша уақыты тең аяқталды – 1:1.

Гол салғандар – «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос (15-інші минут). «Атлетико» жартылай қорғаушысы Янник Феррейры-Каррасконың (79) дәл соққысымен жауап берді. 48-інші минутта «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Антуан Гризман өз мүмкіндігін пайдалана алмады.  Ол  тепкен доп  қақпаның маңдайшасына тиді.

Матч соңындағы пенальтиде «Реал» ойыншыларының соққылары қарсыластарына қарағанда дәлірек болды. Жалпы есеп – 5:3.

“Реал”  Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша рекортшы атанып отыр.  Мадридтік команда  ең айтулы еуропалық клубтық турнирінің он бірінші рет жеңімпазы атанды.

Бұл Еуропадағы осы турнирді қатарынан бес рет жеңген ( 1956 жылдан 1960 жылдар кезеңі аралығында)  жалғыз клуб.

Талқылау