Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадоннаның 19 жастағы қызы модель болды

Әнші Мадоннаның қызы Лурдес Леон модель есебінде Stella McCartney компаниясының жарнамасына түседі. Бұл туралы Стелла Маккартни Instagram парақшасында жариялады.

20160314_lurdes_post

Сурет: www.spletnik.ru 

Өз ортасында Лоло атанып кеткен 19 жастағы Лурдес Pop жаңа әтірінің жарнамасына түсті.

Модель аталған әтірдің хош иісін ұнатқанын айтады. Оның айтуынша, әтір иісі көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, айналаңа жақсы әсер етеді.

Лурдес Мария Чикконе-Леон 1996 жылы өмірге келген. Оның әкесі Карлос Леон актер әрі Мадоннаның фитнес-жаттықтырушысы болған. Олар қыздары дүниеге келген соң 7 айдан кейін ажырасып кеткен. Анасы қызының есімін Францияның Лурд қаласының құрметіне қойған. 57 жастағы әнші қызын қатаң тәрбиелеген. Мәселен, ол қызына бала күнінде тәттілер жеуге және теледидар көруге тыйым салған екен.

жд

Талқылау