Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадонна сот арқылы ұлын демалысты өзімен өткізуге мәжбүрледі

Америка әншісі Мадонна өзінің үлкен ұлы Рокко Джон Ричиді демалыс кезінде өзімен бірге, Нью-Йоркта болуға мәжбүрледі. Тинейджер Жаңа жыл мерекесінде Гай Ричимен қалғысы келген екен.

madonna-1-450x581

 

АҚШ-тың Жоғарғы соты кәмілеттік жасқа толмаған Джон Ричиді анасына қайтуды бұйырған.

Әншінің 15 жастағы ұлы екі ай бойы анасымен саяхат жасаған. Алайда оның анасымен ара қатынасы жақсы емес көрінеді. Сондықтан ол әкесімен бірге болғысы келеді екен. Бірақ 15 жастағы баланың психологиясы үшін бұл қалыпты жағдай деп жазады басылымдар.

2008 жылы Мадонна британдық кинорежиссер және сценарист Гай Ричпен 7 жылдан кейін ажырасып кеткен. Ажыраспай тұрып олар Малавиден Дэвид Банданы асырап алған еді. Рокко Джон Ричи 2000 жылы 11 тамызда дүниеге келген.

2015 жылы 31 шілдеде Ричи модель Джек Эйслиге үйленді. Олар соңғы 5 жыл бойы кездесіп жүрген көрінеді. Тойға 46 жастағы Ричи мен 33 жастағы Эйнслидің үші баласы мен Ричидің бірінші некедегі екі баласы қонақ болды. Мадонна бұл салтанатты кешке бармаған.

Талқылау