Madison Square Garden аренасы Головкинді алып экраннан құттықтады

Сенбі, 9 Сәуір , 2016 21:01

8 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 34 жасқа толды. Осыған орай әлемнің төрт бұрышынан оның туған-туыстары, жанкүйерлері және достары құттықтаулары мен сыйлықтарын жолдады. Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden арена ұжымы да айтулы оқиғадан қалыс қалмай, аренаның кіре берісіндегі алып экраннан чемпионды құттықтады.

Безымянный

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

2013 жылы Геннадий Головкин Madison Square Garden аренада 2 жекпе-жек өткізді. Нақтырақ айтсақ, қаңтар айында америкалық Габриэль Росадоны, ал қарашада тағы бір америкалық Кертис Стивенсті сабады. Екі кездесу де нокаутпен аяқталды.

2014 жылы дәл осы аренада австралиялық боксшы Дэниэл Гилмен кездесіп, 3-раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Ал өткен жылдың соңында өткізген соңғы жекпе-жегінде британиялық Давид Лемьені 5 раунд бойы бет қаратпай соққының астына алды. Қарсылас жауап қатпағандықтан төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. бұл кездесуде отандасымыз WBA, IBO және WBC чемпиондық белбеулерін қорғап, Лемьенің тұңғыш иеленген IBF белбеуін тартып алды.

Естеріңізге саламыз, Головкиннің келесі жекпе-жегіне бас аяғы 14 күн қалды. 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Forum» аренада өтетін кездесудегі қазақстандықтың қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) болмақ. Қазірдің өзінде бокс кешіне 10 мыңнан астам билет сатылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар