Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадинаның қасында тұрған бала Төреғалиді жұрт танымай қалды (фото)

Күні кеше қазақ эстрадасындағы ерке қыздардың бірі Мадина Сәдуақасованың туған күні болды. Instagram желісінде Мадинаға арналған құттықтаулар толастамады. Қазақ эстрада өкілдерінің түгелі дерлік Сәдуақасованы желі арқылы құттықтады.

12328263_1567583063553215_1239722446_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Солардың бірі – әнші Төреғали Төреәлі. Төрештің құттықтауы өзгелерден ерекшеленді.

«Туған күніңізбен Мадина Садуақасова тәте (әпше) Бақытыңыз баянды болсын!!!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

14276610_1094970590590880_863911846_n

Бала күнінде Мадинамен суретке түскен әншіні жұрт танымай қалды. Суреттің қай жылы түсірілгені белгісіз.

Арада бірталай жыл өткеннен кейін Мадинаның жас қалпын сақтап қалғанын көрген халық таңданысын жасырмады.

«Мадина «жастық эликсирін» ішіп алған ба?», «Қазір де жап-жас», «Мынау қай жылғы сурет сонда?» – деп жазды желі қолданушылары.

Төреғалидің оқырмандары оны «тәте» және «әпше» сөздерін қолданғаны үшін сынады. Оқырмандардың көбісі «әпше» сөзінің оңтүстік диалекті екенін, ал «тәте» сөзінің орыс тілінен тікелей аударылғанын айтып, наразылық білдірді.

«Қызылордада апа деп айтады», «Тух, бауырым, әпшең не? Нағашы жаққа тартпай қызылордаша «апаласаңшы», «Әпшесі несі?», «По-шымкентски», «Тәте деген орыс тілінен аударылған», – дейді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали мен Ерке «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)

«Заман» тобының әншісі Мәдинаның туған күніне ән сыйлады (фото)

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

Баян Есентаева күйеуінің казиноға құмарлығы жайында айтып берді

Талқылау