Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сайболатова «Ұлттар аруы-2015» байқауында «Суретке шебер түсуші» титулына ие болды

Алматы тұрғыны Мәдина Сайболатова Қытайдың Нанкин қаласында өткен «Ұлттар аруы – 2015» байқауында «Суретке шебер түсуші» титулына ие болды.

20151225133113567cf0c1a2a9e

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Байқау қатысушылары «Ұлт аруы» атану үшін елдің түкпір-түкпірінен Қытайдың Нанкин қаласына жиналды. Олар тек кешкі және ұлттық көйлектерін көрсетіп қана қоймай, туған жері жайлы презентация жасады. Facebook желісінде жарияланғандай, ұйымдастырушылар жыл сайынғы өтетін байқаудың бір мақсаты ретінде қоршаған орта мен экотуризмді дамыту деп көрсеткен.

c3dcc4715c65e8ccf25fdd046c97628e

Қытайда өткен байқауға Қазақстан атынан 27 жастағы Мәдина Сайболатова бақ сынады. Ол байқаудың 8 қатысушысы қатарына кіріп, «Суретке шебер түсуші» номинациясын жеңіп алды. Еске сала кетейік, отандасымыз халықаралық сұлулық байқауларында бірнеше мәрте қатысқан болатын. Екі жыл бұрын ол «Әлем фотомоделі» байқауының вице-аруы атанды.

992a202393db7c2a78bf4cd60d0ee858

Алайда, осы жолы байқаудың тәжі мексикалық аруға бұйырды. ОАР-ның сұлуы вице-ару атағын алды. Үшінші орынды Тайланд аруы иеленді.

Талқылау