БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдина Сәдуақасованың 4 жасар ұлы Жаңа жылға Iphone сұраған

Жаңа жылға санаулы күндер қалғанда ата-аналарға тыным жоқ. Балаларының тілегін орындап, қалағанын алып беруге тырысып жүргендердің қатарында Мәдина Сәдуақасова да бар. Әншінің биылғы мерекеде қалтасы біраз жұқаратын көрінеді. Себебі есі кіріп қалған баласы анасынан Iphone сынды қымбат дүниелерді сұрай бастаған, деп жазады Stan.kz.

Мәдина Сәдуақасованың 4 жасар ұлы Жаңа жылға Iphone сұраған

“Аяз ата қандай сыйлық әкеліп берсін, Әнуар? – Ммм… 3D ручка, cкритчер, куклы Лол с питомцами (Сафи деген қызға садиктегі), суда жүзетін теңіз жануарларын, дәу телевизор пульты бар и айфон, болды. – 3D ручка деген не? Скритчер ма, скретчер ма , не ол? Үйдегі телевизордың пульті жоғалып кеткен, қайта қайта кнопкаларын басып шаршаған ғой, жаним, ол түсінікті, айфон ерте әлі деп ойлаймын, бірақ… Мен бүгін Алматыда осы нәрселерді іздеймін енді… Сіздің балаларыңыз не сұрайды Аяз атадан?” – деп бөлісті Мәдина Сәдуақасова желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары болса Жаңа жылға қалай дайындалып жатқандарын айтып, Сәдуақасоваға өз кеңестерін берді.

“Әлі кішкентай ғой, әперіңіз әпер дегенін, осы бала үшін жұмыс істеп, ақша тауып жатсыз, дұрыс, менің қызым конструктор сұрады, әперу керек соны”, – дейді желі қолданушыларының бірі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр