Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасоваға тыңдармандары 1000 дана раушан гүлін сыйлады (фото, видео)

Қала күніне арналған концертте тыңдармандары Мәдина Сәдуақасоваға мың дана раушан сыйлады.

14334352_306983412996118_211545252_n

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше қала күніне орай “Алматының 25 шыңы” атты салтанатты шара өткізілді. Аталған шараға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ЮНЕСКО өкілдері және қазақстандық жұлдыздар қатысты. Танымал әншілер мұзды аренаның ашылуына келген қонақтардың көңілін көтеріп, оларға арнап ән салды.

Концерт барасында тыңдармандары Мәдина Сәдақасоваға 1 000 дана раушан сыйлаған сыңайлы. Себебі, ол өзінің инстаграм парақшасына аталған гүлмен түскен суретін жүктеп, тұсына “Мың жылдыққа мың раушан гүл” деп жазды.

Суретті көрген желі қолданушылары оған тамсана қарады. Әсіресе, қыз қауымы өздерінің де дәл осылай құшақ-құшақ гүл алғылары келетіндіктерін жазып жатты. Мұнымен қатар, суреттегі гүлдердің саны 1 000-ға жетпейтіндігін айтып жатқан жандар да болды.

✨✨✨Алматыға 1000 жыл!!!✨✨✨#АлматыАрена #Открытие🎉🎉 #АПлюсКомпаниясы👏🏼👏🏼

Видео опубликовано Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

“Жаным, қандай сұлулыз! Сіздей жанды жолықтырған жолдасыңыз қандай бақытты! Әрқашан жүзіңізден күлкі кетпесін”, “Мәдина ханым, сондай сұлусыз. Әндеріңіз де тамаша! Жалпы табиғи болмысыңыз тартымды”, “Мен де сол жерде болдым. Макияжсыз жүзіңізді көрдім. Сондай керемет!” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина нағашыларының еліне өмірінде алғаш рет барып, тегін концерт қойып берді

Мәдина Сәдуақасова ұлына гольф ойнауды үйретті (видео)

Мәдина Сәдуақасова Түркияны тікұшақпен аралады (фото, видео)

Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгерткені үшін тыңдармандарының сынына қалды

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

Талқылау