Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасоваға тойда кезіккен ақсақал әнші арқылы, байқаудағы шәкіртіне бата берген

Тойлардың бірінде әнші Мәдина Сәдуақасованы көріп қалған ақсақал оған бата бергісі келетінін айтқан. Бірақ, батаны әншінің өзіне емес, “Қазақстан дауысы” байқауындағы әнші ұлына арнаған. Ақсақалдың өзі сол байқаудың тұрақты көрермені болып шықты.

Безымянныйллл

Бұл туралы Мәдина Сәдуақасова sadvakasovamadina Инстаграм парақшасында жариялады.

“Тойда ата бата берем деді… Сөйтсе, “Қазақстан дауысының” тұрақты көрермені екен… “Балан жақсы екен, қоңыр дауысты, жеңіске жетесіңдер, Алла қаласа! Батамды берейін” – деді. Үлкен рахмет, ата, жүз жасаңыз! – деп жазады әнші Инстаграм желісінде.

Безымянныйлллоооооо

Еске сала кетейік, “Қазақстан дауысы” байқауы қатысушылары тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасатын үлкен жоба. Жүзден аса қатысушылардың ішінде қазақ эстарадасының танымал жұлдыздары өз командасын жинайды. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді.  Жобаның жеңімпазы халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.

Биылғы жылы “Қазақстан дауысы” жобасы жексенбі күні финалдық қорытындысын анықтайды.

Бұған дейін 220-ға жуық өнерпаз қатысқан додада Қытайдан келген қандасымыз Жанат Әділханқызы мен астаналық Cәкен Әлімханов теңдей бас жүлде иегері атанғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау