Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Мәдина Сәдуақасова соңғы кезде тек кең көйлек киіп жүр. Желіге диета туралы жарнамаларды жиі салса да, сырт мүсініне аса көп назар аудармай кетті. Мұны байқаған жұрт әнші жүкті болуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда Мәдинаның өзі жүкті екенін айтуға ұялатынын жеткізді.

14276636_1652414231716454_1771942429_n

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Алла-ай, көрмейтіндеріңіз, байқамайтындарыңыз жоқ. Бағзы заманда келіндері өздерінің жүктілігін тоғызыншы айға дейін жасырған. Ол туралы ашып айтуға ұялған. Сіздердің сұрақтарыңыз ыңғайыссыздау болып тұр. Оны жасырмай-ақ қояйын. Десе де, ұят екенін айтпасқа болмайды. Тақырыпты концерт мәселесіне қарай бұрып жатырмын. Ал сізге осы тақырып көбірек ұнап жатқан сияқты. Жолдасы мен отбасы бар келіншектің жүкті болуы заңдылық. Оған жұрттың несіне таң қалатынын түсінбеймін. Күн сайын миллиондаған әйел дүниеге перзент алып келеді. Бала деген – Алланың ең үлкен сыйы. Сондықтан “жоқ” деп айтпай-ақ қояйын”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Мәдинаның “ыңғайыссыз” деген сөзімен Роза Әлқожа келіспейді. “Бес рет жүкті болдым. Бесеуін де жасырып көрмедім” дейді ол. Тіпті, Роза Қуанышқызын мысал ретінде келтірді. “Мен елдің алдында бата алып жүрген адаммын. Елдің арқасында ұлды-қызды болып отырғанымды жасырмаймын. Кезінде Роза Рымбаева әпкеміздің Әлиге жүкті кезінде түскен суреті көзімізге оттай басылған еді. Ал ел әрдайым тілекші болады. Сол себепті, айтқан дұрыс деп ойлаймын”, – дейді Роза Әлқожа.

Естеріңізде болса, Мәдинаның тұңғышына құрбысы Көпбасарова пәтер сыйлаған болатын. Ал екіншісіне кімнің не сыйлайтынын әзірге белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: 20 күн қатарынан тойда жүретін кездеріміз болады

Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады

Жұрт кілемді қолмен жуған Жазираның қарапайымдылығына қайран қалды (видео)

Мөлдір Әуелбекова той көйлегін сатылымға шығарды (фото)

Талқылау