Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова: Жұбайым бұрынғы отбасым туралы айтпауымды өтінді

Әнші бірінші күйеуімен бір жарым жылдай бірге тұрып, 2008 жылы ресми түрде ажырасқан. Халық алғашқы жұбайының кім екенін білмесе де, бұрын-соңды отбасы болғаны барлығының емес-еміс есінде. Сондықтан болар, жұбайы Олжас Мәдина Сәдуақасовадан алдағы уақытта еш жерде бұрынғы отбасы туралы айтпауын өтінген екен.

0

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ата-анасының ғана емес, халқының еркесіне айналған әнші 2014 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан еді. Ұсыныс әншінің туған күнінде жасалып, тойлары Олжас Смағұловтың туған күнінде өтті.  300 адам шақырылған ұлан-асыр тойды ұмыту мүмкін емес. Өйткені қос ғашықтың екеуі де танымал, екеуінің де өнердегі, өмірдегі достары көп.

Әнші “Моя история” бағдарламасында бұрын-соңды ешкімге тіс жармаған сырымен бөлісіп, сүйген жұбайы Олжастың жалғыз өтініші туралы айтып берді.

image

“Тойдан кейін ертесінде оянғанымызда жұбайым енді ерлі-зайыптылар екенімізді айтты. Біз содан бері неке жүзіктерін шешкен емеспіз. Одан кейін қандай да бір шарттарым болса айтуымды сұрады. Иә, бар, ән айтқым келеді. Бұрынғыдай болмаса да, жұмысымды ары қарай жалғастырғым келеді. Жұмыссыз өмір сүре алмаймын дедім”.

Әншінің осы сөздерінен кейін сүйікті жұбайы Олжас шарттарын толықтай қабыл алып “Енді ешқашан, еш жерде бір кездері болған өткен өмірің туралы айтқаныңды қаламаймын. Бұл менің жеке өтінішім болсын. Меніңше, қазіргі отбасың туралы сенің айтарың көп” деп  өзінің тарапынан бір шарты бар екенін айтқан.

4

Қос ғашық өткен өмірлері, жас алшақтығы сынды кедергілерге қарамастан, отбасылық өмірдің қиындықтарын бірге өткеруді жөн көрген сыңайлы. Мәдина Сәдуақасова отбасын құрған соң  өзіне көмекші ретінде тек әйел адамдармен жұмыс істегеуге көшкен.  Дәл қазір Олжас  екеуінің ұлдары бар.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әнші өзінің жаңа образымен оқырмандарын шошытқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау