Мәдина Сәдуақасова жүктілігі жайлы қауесетке жауап берді

Былтырғы жылы Мәдина Сәдуақасова шығармашылығының 20 жылдығына орай үлкен концерт берді. Көптен күткен ән кешінің алдында ел арасында әншіге қатысты қауесет тарады. Мәдина екінші рет жүкті екен, деп шуласты жұрт, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Мәдина Сәдуақасова жүктілігі жайлы қауесетке жауап берді

Ақпараттың жалғандығы анықталған соң, көпшілік Сәдуақасова алғашқы концерті алдында елді шулатып, “хайп” туғызу үшін әдейілеп жалған ақпарат таратқан деп ойлады.

Ел көкейіндегі сауалға Мәдина Тимур Балымбетовтың “Шыны керек” бағдарламасында жауап берді.

“Ол – өсек емес. Яғни, біз мұндай өсек таратқан жоқпыз, адамдар мені көріп қалып, жүкті деп болжаған. Мен өте кең етекті көйлек киіп алғанмын. Бейтаныс адамдар мені телефонға түсіріп, жариялап жіберген. Бар болғаны сол. Шын мәнінде адамдардың менің ана болғанымды қалауы – өте жақсы ғой”, – дейді Мәдина.
Бүгінде әншілердің басым бөлігі “хайп” үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Алайда Мәдина заманның жаңа талабын қолдамайды екен.

“Мен ештеңе де ойлап таппаймын. Тып-тыныш үнсіз жүремін, бірақ сонда да хайп, артымнан жағымсыз сөз ереді. Шыны керек, менің PR-менеджерлерім тек қана шығармашылығымдағы жаңалықтардың уақытылы жеткізілуін қадағалайды”, – деп түсіндірді Сәдуақасова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар