Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова ұлының мінезі үшін алаңдап жүр (видео)

Әнші ұлының тым байсалды мінезі үшін алаңдап жүргенін айтып, жұрттан бала тәрбиесіне қатысты кеңес сұрады.

17932597_1681251495510654_8341743945386033152_n

Сурет: Мәдина Сәдуақасованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәдина Сәдуақасова бұрынғыдай көп күлмейтін ұлы үшін алаңдап жүр. Ұлының мінезінің өзгеруіне өзі себепші болғанын жасырмайды. Соңғы кезде тым көп ескерту айтып, шектеулер қойып жіберген екен.

“Сен үлкенсің, өстің! Жасың үштен асты! Бұлай тек бөпелер жасайды”, – дей бергеннен Әнуар үлкендер секілді байсалды болып бара жатыр. Оның үстіне балабақшаға түсетін тестілерге дайындалып, қатты қинап жіберген сияқтымыз. Әлде баланың мінезі өсе келе өзгере ме? Ақжарқын, күлегеш Әнуарым жақсы еді…” – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары өз кезектерінде әншіге сабырлы болуға кеңес беріп, ақыл айтуға кірісті. “Тесті несі? Бала өз еркімен өсу керек”, “Сәби балалық шағында ешнәрсеге алаңдамай, еркелеп, еркін өскені дұрыс. Қазақтардың орыстардан өзгеше бір қасиеті оның тым балажандылығында. Орыс балаларының тәрбиесі басқаша. Кәмелет жасқа жеткенде әке-шешесін тастап, өз бетінше кетеді. Ал одан кейін кәрілік шағында қу басымен жылап отырады”, “Еркелеп өскен бала мейірімді, жүрегі нәзік болады”, “Енді қызды болуды армандаған жөн болар”, “Үш жасар бала үшін тым салмақты сияқты. Аман болсын, балапан! Тым басып тастамаңыздар” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова әкесі қазған құдықты көрсетіп мақтанды (фото, видео)

Бүркіт 40 жас туған күнінде ешкімге айтпай әйелімен Бішкекке кетіп қалған (фото)

Айқын Төлепберген су жаңа көлігін көрсетіп мақтанды (фото)

Қоянбаев туған күнін еуропалықтарша ашық аспан астындағы мейрамханада тойлады (фото, видео)

Талқылау