Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова тарихи фильмде қазақ батырының анасын сомдауы мүмкін

Күні кеше желіде Мәдина Сәдуақасованың аяғы ауыр күйде түскен суреті желіні шулатты. Образы түбегейлі өзгеріске ұшыраған Мәдина кастингке қатысқанын атап өткенімен, желі оқырмандары әншіге неше түрлі жағымсыз пікірлерін жаудырған. Бұл орайда Мәдина халық тарапынан жолданған сансыз сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мадина садуақасова

“Ал, басынан бастайын… Тарихи киноның кастингіне арнайы шақырды. ХVІ ғасырда өмір сүрген әйгілі қазақтың қаһарман батырының анасының рөліне. Мынандай кастингке алғашқы баруым, өте ұзақ грим жасалды, сосын одан ұзақ қандай тұлғаны, оның образы қандай, тарихын, оқиғасын сосын ғана ойнайтын сәті жайында айтып берді… Әрине, кәсіби актриса емеспін, бірақ қазағымның тарихы, ата бабаларымыздың ерліктері жайында әңгіме қозғалса, еліміз, жеріміз үшін қалай шайқасқандарын айтқанда қандай да қазақ рухтанады ғой…Ал енді сол батырдың анасының бейнесін ешқандай ойнамай ақ шынайы көрсетіңіз дегенде… Қыздар, шыныңызды айтыңыздаршы, типажыңыз келіп тұр, кинода ойнасыз ба? “-десе, кім ” отказ” береді?! Мен де көрейін дедім, енді”, – деп түсіндірді Сәдуақасова.

Еске сала кетейік, күні кеше Мәдинаның “аяғы ауыр” күйде түскен суреті желіде қызу талқыға түскен еді.

Тағы оқыңыз: 

Роза Әлқожаның алдағы концертінде марқұм айтыскер Оразалының және өз балалары өнер көрсетеді

Үшінші рет әке атанған Бүркіт қызына ерекше есім берді

Хайп жасадық: Арман мен Аша 3 жыл бойы елден не жасырған

10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды (фото)

Талқылау