Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова тағы да жүкті ме?

Жақында төрт ұлдың әкесі атанған Тоқтар Серіков жұбайына Астанадан 5 бөлмелі пәтер мен су жаңа көлік алып беруге уәде берді. Ал әзірге бір ұлды дүниеге әкелген Мәдина Сәдуақасова мұндай жетістігімен мақтана алмайды. Әнші тұңғышын дүниеге әкелгенде күйеуінің не сыйлағанын еске түсіре алмады.

мадина садуакасова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Ең бастысы өзінің өмірін, өзінің махаббатын, ықыласын, ең бастысы өзін сыйлады”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Дегенмен бәрі алда, дейді әнші. Мәдина алдағы уақытта декреттік демалысқа шығуы мүмкін екенін жұмбақтап жеткізді.

“Мен мынандай нәрсе айтайын. Енді Құдай қаласа тағы да екінші бөпелі болған кезде, жақындайды ғой уақыт. Сол кезде айтып берейін”, – дейді Мәдина.

Ал үш жыл қатарынан бала туған Сиви сыйлықтан құр алақан қалған жоқ. Осыдан үш жылдай бұрын кенжесі Салидатты босанғанда, күйеуі Сивиге “Бэнтли” көлігін сыйлаған. Енді әнші төртінші бала туралы ойланып жүр.

“Бес бала деп ойлаймын. Құдай денсаулық беріп жатса… Ниетім бар босанамын деген. Денсаулықты жөндеп барып, сол дүниеге кірісейін деп жатырмын”, – дейді Сиви.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау