Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова Роза Рымбаеваның өзіне 20 жыл бұрын сыйлаған көйлегін киіп шықты (фото)

Мәдина Сәдуақасова мен Халық артисі Роза Рымбаеваның таныстығы осыдан 20 жыл бұрын бастау алған. Ол кезде жас әнші Мәдина “Жас Қанат” байқауының қатысушысы, ал Роза Қуанышқызы төрешілердің қатарында болған, деп жазады Stan.kz.

Мәдина Сәдуақасова Роза Рымбаеваның өзіне 20 жыл бұрын сыйлаған көйлегін киіп шықты (фото)

Сол кеште Рымбаева жас талантқа көмек ретінде оған өзінің көйлегін сыйға тартқан. Бұл туралы Мәдина бірнеше сұхбатында айтқан болатын.

Күні кеше Сәдуақасова өзіне 20 жыл бұрын сыйға тартылған көйлекті қайта киіп шықты. Ол желіде естелік суретімен бөлісіп:

“Ең бірінші сурет тура 20 жыл бұрын “Жас Қанаттың” финалынан кейін жасалған, қасымызда маэстро Кеңес Дүйсекеев, менің үстімде Роза Қуанышқызының сыйға тартқан көйлегі… Кеше “Қазақстан” арнасындағы “Дара жол” бағдарламасы Роза Рымбаеваға арналған, сол көйлекті киіп бардым әдейі, сосын суретке түстік, келесі фото сол кешегі бағдарламадан. 20 жыл кәдімгідей уақыт қой! Өзгердік әрине, бірақ Роза Қуанышқызымен арамыздағы сыйластық еш өзгермеген! Дана Нұржігіт сол “Жас Қанаттың” жүргізушісі болған”, – деп жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау