Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова күйеуі мен ұлын ертіп, Дубайға кетті (видео)

Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартты. Әнші бұл жолғы сапарын алдын ала жоспарламаған. Тек бір түн қалғанда ойланып, келесі күні ұшақ бортынан бір-ақ шыққан, деп жазады Stan.kz.

Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Дубайға кетті (видео)
Сәдуақасова соңғы рет ата-анасымен бірге Түркия еліне барып келген еді. Әнші ата-анасының мерекесінде оларға тосын-сый жасауды жөн көрген.


Әрі соңғы кездері күйеуі Олжастың суреттерін жариялауды сиреткен Сәдуақасова оқырмандарының санасына сан түрлі ой салды. “Күйеуіңіз қайда?” “Демалысқа да бірге бармайтын болыпсыздар”, “Соңғы кезде ашық-шашық сурет те көбейді”, – деген бір топ оқырмандар Мәдинаның жеке өмірінде өзгеріс болуы мүмкін деп те болжады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Права калтада, ендI кайыкты да жарысып, жургiземiз

Публикация от Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)


Алайда әнші көптің күдігін сейілтті. Бұл жолы жолдасы мен ұлын Дубайға ерте барған әнші желіде сапар барысындағы қызықты кадрлармен бөлісуде.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау