Мәдина Сәдуақасова күйзелісті қалай жеңетінін айтып берді

Отандық танымал жұлдыздар күйзелісті қалай жеңетіндерін айтып берді. Мысалы, Мәдина Сәдуақасова халықтың алдында жарқырап жүргенімен, күйзеліске ұшырайтын сәттері болатынын жасырмайды.

Мәдина Сәдуақасова күйзелісті қалай жеңетінін айтып берді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен өзімді үйретіп қойғам, қалай күйзелістен шығуға болатынын. Енді, бала ғой бүкіл стресстен шығаратын. Бүкіл шаршаған дейді ғой, енді жолдан шаршайсың. Бүкіл соның барлығын бүкіл негатив эмоцияның барлығын сол балам жаза алады”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Ал балалы болып үлгермегендер қайтпек? Мәселен, Жеңісхан Момышев әлі әке атанып үлгермеген. Сондықтан да режиссер күйзелісті жеңу үшін мультфильм көреді екен.

“Көңіл-күйім қатты түссе, мен мультик көрем. Жаман хабар алсам да, мультик көрем. Сондықтан, мультик менің көңілімді өте көтереді. Кішкентай кезімнен, бала кезімнен келе жатқан мультиктер бар. Көп, Өзіме ұнайтын баяғыдан ұнайтын ленталар бар. «Ну, погодидің» киносы бар”, – дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

Белгілі сәнгер Аида Кәуменова жаны құлазыған жағдайда, әсерлі музыка тыңдауға асығады екен.
“Мен өзімді бақытты болып сезінемін, таңертең тұрып алып, бәрін сабағына жіберіп, жұмысына жіберіп, үйде өзім бір сағаттай отырып, өзім бір «ютубтан» әдемі музыкаларды тауып алып, естіп отырғаным ол да маған жақсы нәрсе, жұғысты болады да”, – дейді Аида Кауменова.

Ал халықтың сынына жиі ілігетін танымалдарға психолог мамандардың берер кеңесі бар.

“Күйзеліс – бойыңдағы күш-жігердің азайғаны. Энергияны толтыратын түрлі тәсілдер бар: медитация, йога дегендей. Жұлдыздарға сын көп айтылады. Сондықтан, өзге жанның жағымсыз пікіріне құлақ аспаған жөн”, – дейді Евгения Ванахт.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар