Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадина Сәдуақасова 40 жыл отасқан ата-анасын Түркияға алып барды (фото, видео)

Мадина Сәдуақасова қазіргі уақытта Түркия елінде демалуда. Әнші бұл жолы жолдасын елде қалдырып, ата-анасымен және ұлымен бірге саяхатқа аттанған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мадина Садуақасова

Алайда бұл сапарын Сәдуақасова алдын ала жоспарламаған көрінеді. Ол 40 жыл отасқан ата-анасын Түркияға жібермек болып, артынша өзі де бірге баруды жөн көргенін айтады.

“Әкем мен мамам осыдан 40 жыл бұрын осындай жазда той жасап үйленген екен, қазақтар 40-ты тойламаса да, олар өздері тып-тыныш қана романтика, маxаббат боп Түркияға демалысқа шыққысы келген, бірақ аяқ астынан тұңғыш қыздары мен немересі ілесе кетті.

Мадина Сәдуақасова 40 жыл отасқан ата-анасын Түркияға алып барды (видео)

Пап, мам құттықтаймын! Маxаббатарыңыз мәңгіге ғой! Немерелеріңіздің, балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңдер!” – деп ата-анасына деген жүрекжарды лебізін білдірді Мадина.

Бұдан өзге, Мадина саяхат барысында түсірілген қызықты фотолар мен видеоларды оқырмандарымен бөлісуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау