Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина қаласында Пайғамбар мешітіне жақын маңда жарылыс жасалды

Сауд Арабиясындағы Мәдина қаласында Пайғамбар мешітіне жақын маңда жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты.

1458585531

Сурет AFP 2016/ Stringer

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Теракт барысында қарапайым адамдар мен күштік құрылым өкілдері қаза тапқан және бірнеше адам ауыр жарақат алған. Жанкешті намаз кезінде мешіт ауласына кіре алмай, жарылғыш затты қауіпсіздік күш өкілдері тұрған автотұрақ қасында іске қосқан.

Соңғы деректер бойынша 5 адам қайтыс болып, алтауы ауыр жараланған. Бұған дейін Әл-Катиф қаласындағы мешіт маңында да жарылыс жасалған. Бірақ, ол жерде зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

сауд

Мәдинадағы Пайғамбар мешітінде Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар жерленген және Рамазан айында оның басына мыңдаған қажылыққа келген адамдар келіп тәу етеді. Мәдина қаласы билігінің мәлімдеуінше, Рамазан айында Меккеден кейінгі қасиетті бұл қалаға 2 миллионға жуық қажылық жасаушылар келген.

Бұдан бұрын террорист Джидда қаласында орналасқан АҚШ консулдығы алдында да өз-өзін жаруға талпынған. Жарылыс кезінде екі тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алды.

Талқылау