Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Балғабаева: Көзбен сүю – көңілмен сүю емес

Мәдина Балғабаева күн сайын кешкілік жаңалықтарды жүргізіп, қазақ елін болып жатқан оқиғалардан хабардар етіп отырады. Көпшілік оның мінсіз екенін, барша қазақ қыздарына үлгі бола алатынын айтады. Ал тележүргізуші өз кезегінде ер азаматтарға қыздың сыртқы сұлулығына ғана емес, жан-жүрегіне үңілуге кеңес берді.

кау

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тележүргізуші “Эфирде бойымды жасандылықтан алшақ ұстауға тырысамын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, кірпіктерім, ерінім, шашым өзімдікі, тырнақтарым да қысқа. Мен жасандылықсыз адаммын. Әйелдердің жасанды дүниелерге құмарлығын түсінбеймін. Өзімізді өзгертудің не керегі бар? Мейлі шашымыз қысқа болсын, бірақ ол жып-жылтыр әрі өзіміздікі. Ер азаматтар да жасандылықты ұнатпайды деген ойдамын. Ең бастысы, өзімізге кез келген жаста күтім жасауымыз керек. Біз сол кезде ғана мінсіз болып көрінеміз”, – деп “Cosmo”журналына берген сұхбатында жігіт пен қыз қауымын барынша табиғилықты бағалауға шақырды.

IMG_9252

847

Тележүргізуші адамның бойындағы адалдық сынды қасиетті ерекше бағалап, жасандылық пен сатқындықты еш кешірмейтін көрінеді. Ал таңдауы басқа мамандыққа түссе, ұстаз немесе психолог болуды жөн көреді екен.

Ары қарай “Сыртқы сұлулықтың алдамшы болатынын ер азаматтар түсінгені жөн. Әдетте жігіттер көзімен сүйеді деп айтып жатады ғой. Меніңше, бұл – қате түсінік. Сыртқы сұлулық санаулы секундтарда ғана басты рөл ойнайды, ал адамды жақынырақ таныған соң мұның еш маңызы болмайды. Ер азаматтар нәзік жандылардың жан-жүрегіне терең бойласа екен деймін. Ал сыртқы келбетті бірінші орынға қою – уақытты бос өткізу деген сөз”, – деп жастарға көзбен сүюдің – көңілмен сүю еместігін жеткізгісі келді.

Wg087n_dtKA

5258

74

Мәдина Балғабаева қазақы танымнан аттап өтпеуді жөн көреді. Бұған дәлел ретінде басынан өткен бір оқиғаны алуға болады. Тележүргізуші жазғы демалыста су киімімен шомылып, артынша осы киіммен түскен суретін инстаграмға салған. Желі қолданушыларынан түрлі сын естігендіктен, екі күннен кейін әлгі суретті алып тастаған. Десе де мұның жасандылық емес екенін тілге тиек етті.

1765

2206

Тележүргізуші алдында тұрған барлық мүмкіндікті пайдаланып, өмірге алғыс айта білуді үйренген. “Мен кәсіби маманмын, бақытты анамын, адал достарым бар, сүйікті жұмысым бар, тамаша мемлекетте өмір сүріп жатырмын. Өмірімдегі сәтсіздікке ұрынған кездерімді жіпке тізе алмаймын, бұлар бар болғаны бір нәрсенің өзім ойлағаннан басқаша болып шығуы ғана”, – деп өмірінде өкінішті сәттердің мүлдем дерлік болмайтынын жеткізді.

MBFWA-guests-day-1-42

e0544d98ea3be6ce46bc2689804663d7

5

Естеріңізде болса, Мәдина Балғабаева құрбысы Баян Есентаевамен бірге “Махаббат станциясы” фильміне түскен болатын. Қазір “КТК” арнасының тележүргізушісі.

 

Талқылау