Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызметкерлерінің жемқорлықпен айналыспауын қадағалаған шенеунік парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлықпен ұсталған Мәдениет және спорт министрлігінің бірнеше лауазымды қызметкері ұсталды. Алайда үй қамауына алынған тек министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев ғана болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Мәдениет және спорт министрлігінің  қызметкері Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды

Тергеу ісі жүріп жатқандықтан парақор шенеуніктің ақшаны кімнен және не себепті, әрі қанша көлемде алғаны жарияланбады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанар Бастарова Дәржібаевтың ұсталғанын растады және қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатқанын және басқа ақпаратты жариялай алмайтынын мәлімдеді.

Белгілі дерек бойынша Еренай Дәржібаев параны Астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде алған және оның көлемі 14 миллион теңгенің шамасында болған деседі. Бірақ Жемқорлыққа қарсы ұлттық Бюро бұл мәліметті растаған да, теріске шығарған да жоқ.

Күдікті Дәржібаев министрліктің әкімшілік департаментін басқарумен қатар Этика жөніндегі уәкіл қызметін де атқарған. Демек ведомство қызметкерлерінің  жемқорлықпен айналыспауын қадағалаған. Енді өзі сол жемқорлыққа іліккен шенеунік 24-ші желтоқсанға дейін үйқамақта отырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау