Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі жалаңаш түскен қазақстандық жеңіл атлет қыздың суретіне түсініктеме берді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық жеңіл атлет Татьяна Корбалинаның тыр жалаңаш түскен фотосессиясына қатысты пікірін білдірді.

123

Сурет Vesti.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

“Менімше ол өзін-өзі көрсеткісі келген сияқты. Егер, мысалы дәл солай Ольга Рыпакова суретке түссе, онда қоғам дүрлігіп қабылдаушы еді. Бірақ, олимпиадаға дайындалып жатқан спортшылардың суретке түсуге уақыттары жоқ. Олар шыны керек қалжырап келіп төсекке құлайды, ал таңертең қайтадан жаттығуға кетеді. Мұндай жалаңаш қыздардың өзін-өзі жарнамалауы, тек назарды өздеріне аударту ғана”, – дейді министр.

Министр, спортшы қыздың өзі қазір дұрыс әрекет жасамағанын түсінген шығар деп атап өтті.

“Бірақ, өз мақсатына жетті: өзінің сұлу денесін көрсеткісі келген шығар, оған тыйым сала алмайсың ғой”, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын қазақстандық жеңіл атлет Татьяна Корбалинаның жалаңаш түскен суреттері жарияланған еді. Татьянаның өзі осылай суретке түсу арқылы, жұрттың назарын жеңіл атлетикаға қарай бұрғым келді деген болатын. Оның өзі спорттық ғұмырын ерте бастағанымен, жарақатына байланысты қол үзіп қалған.

Талқылау