Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі блогерлерді «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапаттады

Блогерлермен кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі таңда әлеуметтік желілер бейресми бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атқарып жатқандығын айтты

20151229202320

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан блогерлері Альянсының президенті Ғалым Байтүкке ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғысхаты мен «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстады.

2015 жыл Қазақ хандығы құрылуының 550жылдығын атап өтумен ерекшеленді. Бұл айрықша мерекені тойлауға еліміздің барлық азаматтары қатысып, республика бойынша 700-ден астам түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларды итаратумен отандық және шетелдік БАҚ айналысты. Мерейтойлық іс-шараларды насихаттау жұмысына әлеуметтік желілер қолданушылары да белсенді қатысты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Блогерлермен кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі таңда әлеуметтік желілер бейресми бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атқарып жатқандығына тоқталып кетті. Олар түрлі жаңалықтарды халықтың кең топтарына қолжетімді етіп, оларды қарапайым және барлығына түсінікті етіп жеткізеді.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларды айшықтауға қатысқан еліміздің барлық блогерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Жыл бойы блогерлер жеке парақшаларының беттерінен бүкіл әлемге ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз туралы баяндау және мыңдаған жазылушыларымен фотосуреттермен бөлісу арқылы қоғамда патриоттық сезімдер імен өз елі үшін мақтаныш сезімін ұялатуға атсалысты», – деді министрлік басшысы.

Сонымен қатар Жанна Ильичева, Аршат Ораз, Арыстанғали Сансызбаев және Серік Мәмбетов секілді қазақстандық блогерлер естелік мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Талқылау