Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігі қытайлық компаниямен танымал қытай компазиторы туралы фильм түсіруге уағдаласты

Қазақстан мен Қытай бірлесіп киноөндірісті дамыту тұрғысынан ынтымақтасуға ниетті. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

417aca1f893207be436e6fe03276ef1d

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен China Film Group Corporation президенті Цзяо Хунфэн екі елдің кинематография саласындағы байланысы туралы сөз қозғады.

“Сіздің келуіңіз – Қазақстан мен Қытай арасындағы киноөндірісті бірлесіп дамытуға үлкен мүмкіндік. ҚХР кинонарығы әлемдегі ең тартымды өндіріс болып саналады. Қытай аудиториясы 800 миллиондай көрермендерді қамти алады. Сондықтанда сіздердің кинонарықтарыңызға шығу қазақстандық кинематография үшін үлкен жол болмақ”. – деді қазақстандық министр.

Сондай-ақ, ол қытайлық киностудияларды қазақстандық киноөндіріспен тұрақты байланыс орнатуға шақырды. “Қазақстан өткен жылы ғана Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Енді біз тиімді жобаларға қызығушылық таныта аламыз”, – деді министр.

8864e911a0603d6c2c2e2287cc8bccb0

Цзяо Хунфэн Қазақстан мәдениет және спорт министріне қонақжайлығы үшін алғыс білдірді. Ол соңғы 20 жыл көлемінде үлкен жетістіктерге жеткен қазақстандық кинематографияның еңбегін де атап өтті. Қытайлықты қонақты сонымен қатар қазақ мәдениеті мен тарихының ерекше байлығы да қызықтырыпты.

Мұхамедиұлы мен Хунфэн арасындағы негізгі әңгіме барысында танымал компазитор, қытай симфониялық музыкасының негізін қалаушы Си Син Хаяның өмірі туралы баяндайтын “Композитор” жобасы туралы талқыланды. Қазақстанда өмір сүрген кездерінде Си Син Хай қазақ ұлттық музыка өнерінің тылсым құпияларын зерделеген екен.

“Си Син Хай дос халықтар үшін нағыз мәдени көпір болды. Біз оның Қазақстандағы өмірі туралы кино түсіргіміз келеді”, – деді China Film Group Corporation басшысы.

Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлы алдағы уақыттағы қазақстандық және қытайлық фильмдердің таралымы үшін “Қазақфильм” өнімдерімен танысып шығуға кеңес берді.

Талқылау