Мәдениет министрі “смартфон”,”What’s App” сөздерін қазақшалау керек деген ақпаратты жоққа шығарды

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 18:17

Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы  халықаралық сауда  белгілері мен термин сөздерді қазақшалауға қатысты  ойын тілшілердің бұрмалап таратқаны туралы  «Время» басылымының тілшісі  Төлеген Байтөкеновке берген сұхбатында айтты.

арыстан

Фото: Today.kz

«Ең қызығы, мен кеңес кезінде осы халықаралық  жаңа терминдерді аудармастан, сол бойынша сақтап қолдану туралы айтқан едім. Мен бұлай істеуге қарсымын. Әлемде  бір атаумен қолданыста жүрген сөздерді қазақшалаудың қажеті жоқ. Өткен жылы біз  терминологиялық комиссия құрған болатынбыз, олар әлі күнге жұртты шатастырып жүрген аудармалармен жұмыс істейді”,- дейді министр.

Өз ойын нақтылай түсу үшін Арыстанбек Мұхамедиұлы осыған дейінгі бірнеше аударманың сәтсіз шыққанын айтып, нақты мысалдар келтірді.

“Мысалы , күйсандықты алсаңыз орысшасы  «сундук кюев» деген мағына береді. Ал ол негізінен «пианино» сөзінің аудармасы. Болмаса  «композитор» сөзінің аудармасын қараңыз ол-сазгер. Сазгер сөзі орыс тіліндегі  «исполнитель» сөзіне жақынрақ. Комиссия қазіргі күні  мәдениеттен бастап  техникаға дейінгі  бес мың сөзді қарап болды. Сондықтан менің сөзім былай өзгеріске ұшырады: «енгізу» сөзі «аудару» деп тарады. Шетелдік сөздерді оның ішінде халықаралық атауларды жаппай  қазақшалаудың нәтижесі  кейде адамның күлкісін келтіреді. Кейде қарапайым жұртты шатастырып тастайды. Халықаралық терминдерді аударудың керекгі жоқ. Басқа тілдегі сөзді тікелей аударудан қашу керек. Тіпті ағылшын тілінің өзі жылына жүздеген жаңа сөздермен толығады: Internet, hi-tech… Бұл сөздер Шекспирдің  мұрасынан қалған жоқ”,-дейді Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, министр сөзін бұрмалап ақпарат таратқан журналистерге қатысты ойын да айта кетті.

“Маған ойымды бұрмалап таратқан тілшілерді сотқа беруге кеңес бергендер болды. Мен сол журналистер өз ұятының алдында жауап берсін деп шештім”,- деп түйіндеді сөзін министр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар