Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі бақытты кезде өмір сүріп жатқанын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысты уақытша құбылыс деп халықты орынсыз дүрлікпеуге шақырды

арыстан

Қазіргі қазақтардың жағдайы бұрынғымен салыстыруға келмейтінін айта отырып мәдениет министірі Арыстанбек Мұхамедиұлына сұрақ  қойды.

-Ел аман жұрт тыныш. Өз шаруаларын жасап жатыр. Дастарханында тамағы бар, басында үйі, астында машинасы бар. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік қой, айтшы. Арыстанбек, 550 жылдың ішінде, қазақ дәл осындай өмір сүрді ме?- деді Н.Назарбаев.

Мәдениет министрінің “Енді, Нұрсұлтан Әбішұлы, шынын айтқанда, бақытты кезде өмір сүріп жатырмыз ғой” деген сөзіне, елбасы “Сен сұрағыма жауап бер”, -деп нақтылықты талап етті.

Бұған Арыстанбек Мұхамедиұлы “Тәуелсіздіктің, сіздің арқаңызда” деп абдырап қалды.

Елбасы министрдің жауабына қарай  “Ертең мына сөзіңнен кейін ағайындар сенімен даулассын”, – деп тоқтатып тастады.

 

Талқылау