Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі әншілердің магистратурада оқуына қатысты ойын айтты

Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы кезд қоғамда жиі талқыланып жатқан әншілердің магистратура мен докторантурада оқу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен жақында Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев магистураны оқып бітіргені жайында мақала оқыдым. «Олар не үшін оқып жүр?» деген сыни пікірлерді көзім шалды. Негізі бұл – өте қуанышты жағдай. Шығармашылық адамдар үнемі білімге құштар болып келеді. Мысалы, Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының докторантурасында оқып жүр. Бұл оңай шаруа емес», – деді Мұхамедиұлы Астанада «Бастау» домбырашылар тобымен кездесуінде.

Министр осылайша білім алуға құлшынысы бар жұлдыздарға қолдау танытты.

«Бізде оқуын жалғастырып жүрген өнер адамдарының ішкі негізі қалыптасқан. Мәселен, Мейрамбаек Беспаев Күләш Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепті аяқтаған. Т. Жүргенов атындағы академияда оқыған. Кейінірек, ол Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасын бітірді. Ал Қайрат Нұртас Алматыда эстрадалық цирк колледжінде танымал педагог Лаки Кесоглудан  дәріс алған. Астанаға қоныс аударып, Еуразия Ұлттық университетінде магистратурада оқыды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Себебі, бұл шығармашылық адамдарының білімге деген құштарлығын, алға ұмтылысын білдіреді. Әйтпесе олар «Өмірім онсыз да жақсы ғой. Оқудың не қажеті бар» деп айта алар еді ғой. Осы орайда, интеллектуалды шығармашылық ортамыздың барын мақтан тұтуымыз керек», – деді министр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау