Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Made in KZ” тобы домбырамен Элтон Джонның хитін орындады (видео)

Өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген “Made in KZ” тобы  әйгілі “Sorry seems to be the hardest word” әнін домбырамен орындады.

image

Фото: baistars.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Шығармашылық ұжым жаңа каверлерімен тыңдармандарын тағы бір мәрте қуантты. Аталған топтың солисі Аджера Лесбекова ұжымдағы Мақсат Хасанов және Бауыржан Шакиров есімді екі домбырашымен қосылып хит әнді орындады.

Топ мүшелері видео жазбаны Youtube каналына жүктеген. Бірнеше күн ішінде аталған бейнебаянды 7 мың адам көріп үлгерген. Ал тыңдармандары әрдайым жаңа туындыларын күтетіндіктерін айтып жатыр.

Мұнымен қатар, топ мүшелері болашақ жоспарларымен бөлісті. Ағымдағы жылдың күз айында топтың жаңа бейнебаяны тыңдармандарына жол тартпақ. Бұдан өзге әлі де жұртты тамсандыратын идеяларының көп екенін тілге тиек еткен.

Осы уақытқа дейін алматылық үштік дижей Kygoның Stole the show хитінің кавер нұсқасын орындап, жұртты тамсандырған болатын.


Оқи отырыңыз:

Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)

4 жасар пианист өнерімен жұртты тамсандырды (видео)

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Ринат Зайытов брейк билеп жұртты таңқалдырды

Талқылау