Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Саакашвили Грузия азаматтығынан айырылды

Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили Михаил Саакашвилиді азаматтығынан айыру жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Press point with NATO Secretary General, Mr. Anders Fogh Rasmussen and the President of Georgia, H.E. Mr. Mikheil Saakashvilli

3 желтоқсанда Грузияның Әділет министрлігі ел президентіне М.Саакашвилиді грузиялық азаматтықтан айыру туралы ұсыныс жасаған.

«Біз  Михаил Саакашвилиге оның азаматтығын тоқтату бойынша өз ұстанымын айтуды ұсындық. Грузия заңында қарастырылғандай, бұған 1 айдай уақыт беріледі, – деді министр. – Хат оған Одессада 3 қарашада берілді. Ол жауап қайтармады. Сондықтан Әділет министрлігінің қорытындысы  президент Г.Маргвелашвилиге жолданды» – деді Әділет министрі Т.Цулукиани.

М.Саакашвили 2004 жылдың қаңтарынан 2013 жылғы қарашаға дейін Грузия Президенті лауазымында болды. 2015 жылдың мамырында М.Саакашвилиге Украина азаматтығы берілді. Ал 30 мамырда ол Одесса облысының губернаторы болып тағайындалды.

 

Талқылау