Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы Берлинде киносыншылардың көзіне түсті

Халықаралық Берлин кинофестивалінің Президенті Dieter Kosslick актер Қанағат Тасқараевты “Жаралы періште” фильміндегі рөлі үшін “Алтын аю” белгісімен марапаттады.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мүгедек жанды көрсек, тосырқай қарап, айналып өтетініміз жасырын емес. Алайда арбаға таңылған жанның бойында ел қатарлы өмір сүруге деген құлшыныс мол. Жер басып жүрер пенде болған соң әркімнің маңдайына түрлі тағдыр жазылатыны да анық. Бірақ барлық адамның ортақ бір қалауы бар. Ол – арманына жету.

Жаратқан жарық өмірді нәсіп еткен тағаттан бастап қиыншылықты көп көрген Қанағат Тасқараев арманына қол жеткізді. Ол 1998 жылы 9 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ата-анасының тұңғышы, шетінеп кеткен егіздің сыңары. Сал ауруына шалдығып, арбаға таңылған.

2

Тасқараев бүгінгі таңда актер атанып қана қоймай, Халықаралық Берлин кинофестивалінің “Алтын аю” белгісімен марапатталды. Төсбелгіні фестивальдің директоры Dieter Kosslick өз қолымен табыстады. Мұны көргендер Берлин фестиваліндегі ең елеулі оқиға осы болғанын айтып жатыр.

Халықаралық 66-Берлиндік ресми бағдарлама аясында 16 ақпан күні қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің “Жаралы періште” атты туындысының тұсаукесері болып өткен-ді.

65

“Жаралы періште” – жасөспірімдер туралы екінші трилогия фильм. Байғазиннің алғашқы “Асланның сабақтары” атты фильмі (“Жаралы періште” фильмінің алғашқы бөлімі) 2013 жылы Берлинде “Күміс аю” марапатын ие болған болатын. Бұл – Morgenpost газетінің арнайы тағайындаған сыйы.

“Жаралы періште” картинасының оқиғасы ауылда өтеді. Ол 90-жылдардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Төрт жасөспірім қиын-қыстау кезеңде күнелтуге тырысады. Жарастың әкесі бұрын ұры болғандықтан, осы күні жұмыссыз жүр. Балапан керемет ән салса да, оны төбелесуге күштейді. Жаба қоқыстан металл жинап, соның ақшасына өмір сүреді. Аслан медициналық университетке тапсырмақшы болады. Бірақ сүйіктісінің аяғы ауыр болып қалғандықтан, екеуі түсік жасату туралы шешім қабылдайды.

75

Басты рөлдерді Нұрлыбек Сақтағанов, Мадияр Әріпбай, Мадияр Назаров, Омар Әділов, Анзара Бардыкова, Тимур Айдарбеков, Қанағат Тасқараев, Расул Вилямов орындайды. Картинаның продюсерлері – Анна Вильгельм мен Бейбіт Мүслімов. Аталған фильмде Қанағат Тасқараев Ардишниктің рөлін сомдайды.

Киноны түсіруге  “Казахфильм” ЖШС: Capricci Productions француз компаниясы мен augenschein filmproduktion неміс компаниялары атсалысқан. Берлинде “Жаралы періште” фильміне “жанардың жауын алатын” фильм деп баға берілді.

85

Естеріңізге сала кетсек, Қанағат Тасқараев осы уақытқа дейін “Быть или не быть” атты фильмге түсіп, түсірілімнен алған әсерімен бөліскен болатын.

Талқылау