Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүлде ет жемейтін жұлдыздар

Голливудтық актерлер мен модельдер сұлулық пен әдемі мүсін үшін барлығына баруға дайын. Тіпті ұзақ мерзімді диетаға да. Ал шын мәнінде вегетариандық қасиет әртүрлі адамдарда да бола береді. Жуырда АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон өзінің тамақтану әдетінен мысал келтірді. Зерттеп қарасақ, жеміс-жидек, көкөністермен ғана қоректеніп жүре беретін танымалдар аз емес екен.

pic_527f1e787fd9d59815b56496f9e5db42

2016 жылы наурыз айының басында АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Лас-Вегастағы Simply Pure веган мейрамханасына келді. Ол тамақтану барысында “энчилада” тамағын таңдап алған. Саясаткер мәзірді мақтап, егер веган болмағанында осы күнге дейін өмір сүрмес едім деп айтыпты.

detail_dc876b5bed9a5db489e09e681a0703a2

Мейрамхана қожайыны Стейси Дуганмен әңгімелескен Клинтон ет жемеу дәстүрі оның өмірін қалай өзгерткенін де айтып беріпті. Ол 2010 жылы жүрегіне ота жасатады. Осыдан соң Клинтон вегандық тамақтану үрдісіне көшкен.

Алайда аптасына бір мәрте диетаны бұзып тұрады. Дәрігер оған аптасына бір мәрте балық жеп тұруға кеңес берген. Бұрынғы президенттің айтуынша ол өзін бұрынғыға қарағанда да күшті сезінеді екен.

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы Майк Тайсон жарқын жеңістерінен бөлек, көрерменнің есінде 1997 жылы Эвандер Холифилдтің құлағын тістеп алуымен де ерекшеленген. 2010 жылдан бастап боксшы да еттен бас тартқан.

pic_1068ffef6d9aa092ec75b1b3d5b7bde5

Еттен бөлек, оның тамақтану мәзірінен балық, жұмыртқа, сүт және сүт тағамдары және бал да сызылып тасталған. Бұл әрине, вегетариандар үшін өте қатаң режим. Содан бастап ол 45 келі салмақ тастаған. Алайда мұнысына еш өкінбейді екен.

“Ет жемеу арқылы мен салауатты өмірге аяқ бастым. Менің денсаулығым кезінде наркотикпен көп уланған, дем алу кезінде қатты қиналатынмын”, – дейді ол. Боксшы сондай-ақ, жоғарғы қан қысымынан қатты зардап шеккенін де мойындады. Ол денсаулығындағы осындай қиындықтардың барлығы вегандық өмірге қадам басқаннан кейін жойылды деп есептейді.

«Голодные игры» фильмінің жұлдызы Вуди Харрельсон да 25 жыл бұрын ет және балық тағамдарынан бас тартқан. 54 жастағы актер бала кезінде оның бет терісі бойынша көптеген проблемалар туындап, бұл өз кезегінде оның қыздардың көзіне түсуіне кедергі болыпты. Қыздардың біреуі тіпті бұған сүттен бас тартуды ұсынған. Әрине, ол бұл сөзге бірден сене қоймаған. Бірнеше жыл өткеннен кейін тұрақты диета ұстаудың арқасында оның беті тазарған. Сол кезден бері вегандық дәстүр өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

pic_13521fb0bb21dbb703f1fd71b8d4c970

Ол өзінің отбасымен бірге гавай аралдарындағы фермасында көкөністер мен жеміс-жидек егеді. Онда болған кездерінде Харрельсон электромагниттік толқынның кері әсерінен қашып ұялы телефон да қолданбайды. Ол Лос-Анджелестегі Sage мейрамханалар желісінің иелерінің бірі.

Музыкант әрі актер Джаред Летоға қарап жасы 44-те деп ойламайсың. Басында ол жәй ғана вегетариан болатын, кейінгі 20 жылдан бері нағыз веганға айналды. Рокер алкогольдік ішімдіктер де ішпейді. Ол өзінің жас болып көріну себебін жақсы ұйқы мен диетаның арқасы деп біледі.

pic_a48813b7dccb71e45f11a15139ea4ba4

Бір қарағанда Брэд Питт пен Анджелина Джолиде бәрі керемет секілді: Үлкен отбасы, танымалдылық, керемет актерлік мансап…Алайда олар бірнеше жылдан бері тамақтану үрдісіне қатысты ортақ пікірге келе алар емес. Брэд вегетариандықты ұстанса, Джоли әлі күнге еттен бас тарта алмай келеді.

pic_527f1e787fd9d59815b56496f9e5db42

“Мен біраз уақыт вегетариан болғанмын, бірақ бұдан мен тіпті өліп кете жаздадым. Мен тамақтың жеткіліксіз болғанын түсіндім”, – дейді актриса.

Питт етке қарағанда өзге өсімдіктен жасалған тамақтар пайдалы, өйткені олардың бойында дәрумендер мол деп санайды. Актер ми жұмысын жақсартып, ақыл-ойды дамытып, өмірді ұзарту үшін еттен бас тартқан пайдалырақ дейді.

“Қара аққу” және “Жұлдыздар соғысы” фильмдерінің жұлдызы Натали Портман 2009 жылдан бастап ет жемей келе жатыр. Ол Джонатан Сафранның “жануарларды жеу” кітабын оқығаннан кейін тамақтану мәзірін өзгертуге шешім қабылдаған. Ол бұл шешімге “жануарларға деген жанашырлық көзқарас” шеңберінде келген. Алайда 2011 жылы дәрігерлер екіқабат кезде оған вегетариандықтан бас тартып, ет жеуге кеңес береді. Баласын босанғаннан кейін ол вегандық дәстүрге қайта оралды. Портман Бенджамин Мильпемен 2012 жылы отау құрған тойында қонақтарға етсіз және балықсық тағамдар мәзірін ұсынған.

pic_fd5cabbebc2e8eb6e81503866310d9d6

Актер Сэмюэл Джексон мен белгілі режиссер Квентина Тарантино да осы қатарда. 66 жастағы америкалық ет пен сүтті мүлде қолданбайтынын айтады. Оның дәрігері егер вегетариандық әдіспен тамақтанбаса денсалуығы қиын күйге түсетінін айтыпты. Еттен бас тарту арқылы ол қан қысымы мен холестериннің көбейіп кетуін шектей алған.

pic_b54e3789cd1634a2244840845e2d50a1

Талқылау