Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға таңылған 19 жастағы австралиялық мүгедек ару модель болды (фото)

Церебралды сал ауруымен ауыратын австралиялық қыз, Target маркалы спорттық киімін жарнамалайтын моделге айналды.

wheelcahir-model-970-head

Бұл туралы dailymail.co.uk хабарлайды.

19 жастағы Робин Ламберд мүгедектер арбасында отырады. Ол осы арба арқылы спорттық жарыстарға да қатысады. Қазір 2017 жылы Лондонда өтетін әлем чемпионатына дайындалу үстінде.

Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созатын Starting with Julius ұйымының мүшесі. “Робин – ірі жарнамалық компанияның бет-бейнесіне айналып отырған алғашқы мүгедектер арбасына таңылған адам”, дейді аталмыш ұйымның негізін қалаушы Катя Малакьяс. 

All the patterns…. 💁💁 #ootd #wiwt #cerebralpalsy #cripplepunk #streetstyle #style #streetart #tomboy #tomboystyle #shorthair #dapper

Фото опубликовано Robyn The Trex Lambird (@robynlambird)

“Ол біздің кампания үшін өте сәтті тұлға боларын білгеннен кейін ғана біз Робинге хабарластық. Біздің клиенттеріміз қалдырып жатқан пікірлер де өте жарқын”, – дейді Target компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің өкілі Тереза Уотерс.

I don’t ever want winter to end! #ootd #wiwt #look #tomboy #tomboystyle #androgynous #style #streetstyle #streetart #cerebralpalsy #cripplepunk

Фото опубликовано Robyn The Trex Lambird (@robynlambird)

Робин Ұлыбританияда туған. 9 жасында Австралияға көшіп келгеннен кейін дәрігерлер оған церебралды сал ауруы деген диагноз қойған. Жылдам көрсетілген көмек арқасында ол қозғалып жүре алады, бірақ ауру қатты меңдеген кезде мүгедектер арбасына отыруға мәжбүр. 

Chill’n #ootd #wiwt #style #streetstyle #streetart #tomboy #tomboystyle #androgynous #cerebralpalsy #disability #adidas

Фото опубликовано Robyn The Trex Lambird (@robynlambird)

“Адамдардың маған деген қарым-қатынасы әртүрлі. Мүгедектер арбасына отырған кез бен өз бетіммен жүрген кездегі көзқарастары әрқилы”, – дейді ол.

Ол әлем чемпионатына дайындық барысында аптасына алты күн жаттығып жатыр. 

Сондай-ақ, бапкер ретінде де мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп, жол көрсетеді.

“Менің қарамағымда жаттығатын балалар баршылық. Біз бірге жиналып, араласып, уақытты көңілді өткіземіз. Мәселен, Эмили Прайор есімді қыз да осы Target жарнамалық компаниясының моделіне айналды”, – дейді Робин.

“Бұл сүйкімді қыздар өздерінің іс-әрекеттерімен стереотиптерді бұза алуда. Біздің міндетіміз – адамдардың мүмкіндігі шектеулі жандарға деген теріс көзқарастарын өзгерту. Ірі медиа алаңда Робин мен Эмилидің пайда болуы бұл өте дұрыс әрі қажетті қадам болды”. – дейді Starting with Julius ұйымының басшысы Катя Малакьяс.

 

Ғалымдар 5 шақырым жер астындағы таң қаларлық патшалық әлемін ашты (фото)

65 жастағы модель сымбатына 20 жастағы жігіттерге дейін бұрылып қарайтынын айтады (фото)

Отандық жұлдыздардың сыңарлары (фото)

Силикон төс салдырып, ашық-шашық киінетін жұлдызы монах болып кетті (фото)

Талқылау