Мүфтиятты айыптаған Шұраевқа ҚМДБ өкілі жауап берді

Жұма, 22 Шілде , 2016 17:24

ҚМДБ интернет-пропаганда бөлімінің жетекшісі Мұрат Манапұлы Арман Шұраевтың Мүфтиятты жемқорлық пирамидасын құрды деп айыптаған жазбасына қатысты жауап берді.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Белгілі журналист және Қазақ күрес федерациясының президенті Арман Шұраевтың дін тақырыбына қатысты жазбасы екі күннен бері желі қолданушыларын шулатты. Ол жазбасында “нақты деректер” келтіре отырып, Діни басқарма өкілдерінің жемқорлыққа және елімізде сәлафизмнің тікелей дамуына әсер ететіндігін айтып айыптаған болатын. ҚМДБ интернет-пропаганда бөлімінің жетекшісі Мұрат Манапұлы аталған жазбаға қатысты пікірін білдірді.  Ол сәлафизмнің тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің “дерті” екенін айтып өтті.

“Арман Шұраевтың мүфтиятқа қатысты жазған жазбасымен таныса келе оның келтірген мәліметтерінің шындыққа жанаспайтынын ашық айта аламын! Және де ол кісіні жалпы еліміздегі діни ахуалды дұрыс бағамдай алу үшін Діни басқарманың істеп жатқан жұмыстарымен танысу үшін Мүфтиятқа шақырамын.

Біріншіден, оның мешіттер жайлы келтірген статистикалық мәліметі яғни 12 000 мешіт бар деген сөзі ақиқатқа жанаспайды. Бүгінгі таңда ҚР аумағында 2 500-ға жуық мешіт бар. Осындай қате статистиканы келтірген адамның пікірінің де қате болуын ел түсінеді деген ойдамын.

Екіншіден, біздің имамдарды Түркия имамдарымен салыстырған екен. Бұл да дұрыс емес. Себебі, Түркия имамдары мемлекеттің тікелей қорғауында және мемлекеттік бюджеттен жылына 2 млрд. доллар қаржы бөлінеді. Ал, біздің имамдарға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Имамдар әлеуметтік қорғалмаған.

Бүгінде жат діни идеологияны қару ету – әлемдік тенденция. Бұл тек, Қазақстанның ғана проблемасы емес. Сәләфизм Ресейдің де, Еуропа елдерінің де жалпы Ислам әлемінің проблемасы. Әрбір ел жат ағыммен өзінше күрес жүргізіп келеді. Мәселен көршілес Өзбекстан, Тәжікстан елдері сол айтып отырған сәлафизмге заңмен тыйым салды. Ал еуропа елдері не істерін білмей бастары қатып отыр”, – дейді Мұрат Манапұлы.

Ары қарай Діни басқарманың жұмыстарымен таныстырды. Айтуынша, бүгінде жат ағымның сайттары ашық түрде жұмыс істеп, уағыздарын көпшілік жиналған жерлерде еркін жүргізуде. Және 800-ден астам мешіттерде сауат ашу курстары өткізіліп, 30 білікті теолог елді-елді аралап жат ағымнан сақтануды насихаттап, 20 сайт ел игілігіне қызмет етуде.

“Үшіншіден, қайырымдылық жұмыстары. Діни басқарманың негізгі бағыттарының бірі қайырымдылық шаралары десек қателеспейміз. Діни басқарма жыл-он екі айды қайырымдылыққа бөліп тастаған. Мәселен, қаңтар айында – қарттарға, ақпанда – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, наурызда – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сәуірде – жетімдерге деген сынды.

Одан бөлек өкінішке орай елімізде табиғи апаттан зардап шегіп жатқан елді мекендер бар. Былтыр Қарағанды өңірінде болған табиғаттың тосын сыйын жақсы білесіздер. Сол кезде де Діни басқарма қалыс қалған жоқ.

Республика бойынша “Қайырымдылық керуені акциясы аясында 110 тонна азық-түлік жіберілді. Сондай-ақ жыл сайын “Мектепке жол акциясы” аясында 5500-ге жуық отбасы мектепке қажетті заттармен қамтылуда. Ал, Зекет қорынан былтырғы жылы 40 млн.-ға жуық теңгені құрайтын көмек көрсетілген екен.

Төртіншіден, садақа мәселесіне қатысты 70 млн. доллар түседі дегендей күмәнді мәлімет келтіріпті. Осы мәліметті қалай есептеп шығарды екен. Әлде мешіттер саны 12 000 дегеннен кейін шыққан шығар… Мешіттегі садақа жәшіктерін мешіттегі ақсақалдар алқасынан тұратын комиссия ашатынын білгейсіздер. Бұл комиссияда 15-ке жуық ақсақалдар болады. Олар садақа жәшігіне түскен қаржыны санап, есептеп, мешіт қажеттеріне жұмсау үшін бухгалтерге өткізеді”, – дейді ол.

Діни басқарманың өкілі еліміздің бірнеше аймағында садақа беруге арналған банкоматтардың қойылғандығын айтты. Алайда дәл қазір Астана қаласынның үш мешітіне қойылған “Садақаға” арналған банкоматтар жұмыс жасамай тұр екен.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дінге жауапты Комитетінің орынбасары Ғалым Шойқын өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтып өтті. Ол мүфтилерге банкомат басшыларымен келісіп, барлығын қайта қалпына келтіруді ұсынды. Оның айтуынша, осылайша жергілікті халықтың Дін басқармасына сенімін арттыра түсуге болады екен.

Сөз соңында Мұрат Манапұлы Арман Шұраевтың жазбасында объективтілік жоқ екенін айтып өтті.

“Жат ағым өкілдері бірінші кезекте имамдарды, ресми мүфтиятты қаралау арқылы өз қатарына жастарды тартты, әрі тартып жатыр. Жаман атты имам мен мүфтиятты кім тыңдасын?! Сосын емін-еркін өз уағызын тықпалайды. Өкінішке орай, осындай объективті емес жазбалар да жат ағым өкілдерінің қаруына айналады.

Оны Арекеңнің осы жазбасын жат ағым өкілдерінің көптеп бөліскенінен-ақ байқаса болады. Өзіміз еш дәйексіз жазбалармен имамның дәрежесін әбден түсіріп-түсіріп аламыз да, сосын отырамыз тағы да мүфтиятты кіналап”, – дейді ол.

Желі қолданушылары Мұрат Манапұлының сөзін қоштап, оны қолдай түскен. Арасында Айгүл Эсеналиева есімді желі қолданушысы Арман Шұраевтың сөздерінің жалған екенін нақты фактілер арқылы дәлелдеуге тырысқан.

“Арман аға, өтірікті де жөндеп айту керек шығар! Сіз келтірген деректерде көп қате бар. ҚР аумағында 12 000 емес, 2 500 ғана мешіт бар. Мұндай қате статистиканы қайдан алып жүрсіз? Сіз айтып отырған мешіттерде ҚМДБ-ның имамдары шариғатқа сай уағыз айтады. Олардың сіздің сұрақтарыңызды жауапсыз қалдырған кезі болды ма? Имамдарды пара алды деп айыптап жатырсыз. Пара алған нақты бір имамды айтыңызшы.

Біздің имамдарды Түркияның имамдарымен салыстырдыңыз. Оларға мемлекет тарапынан 2 млрд. доллар бөлінеді. Ал біздікілерге мұндай ақша берілмейді. Имамдар жат ағымдарға ресми тыйым сала алмайды. 70 миллион жиналды дейсіз. Мұны қайдан шығардыңыз? Мықты журналистеріңіз бар екен, онда неге сәлафиттердің қайдан келетінін анықтап көрмейсіз?

Табиғи апат кезінде жапа шеккендерге имамдар да көмектеседі. Бұл туралы БАҚ беттерінде жазылған. Сізді мешіттегі садақа мәселесі толғандырған екен. Есепті имамдар емес, арнайы есепшілер жүргізеді. Оның имамдарға еш қатысы жоқ. ҚМДБ шетке қойғанда, сіз өзіңіз жат ағыммен күресу үшін не істедіңіз?

Мұны, Арман аға, сіз жазбаған шығарсыз деген ойдамын. Білдей журналист бола тұра статистикалық мәліметтерден қате келтірген. Бүгінде имамдардың жайдары мінезін пайдаланып, ауыздарына келгендерін жаза беретіндер көбейіп кетті. Сондай мықты болса, неге жат ағымдарды кімдер насихаттап жүргендерін анықтап көрмейді”, – деп наразылық білдірді Айгүл Эшеналиева.

Арман Шұраев бұл жазбаға қатысты да жауап берген болатын. Ол “Сәлафиттер қайдан келді?” тақырыбындағы жазбаның өзінің тиесілі екенін айтқан-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Францияда мешіт қабырғаларына мұсылмандарға қарсы жазбалар жазып кетті

Қызылордадағы мешіттің жанын жастар ойын-сауық пен махаббат бекетіне айналдырып жіберген (фото)

Әлем тамсанған әсем мешіттің архитектурасын әйел адам жасаған (фото)

Қарақат Әбілдина ұлдарын мешітке апарып, имандылыққа тәрбиелеп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Өкініш бізде Қазақ елінде толық ақпарат жоқ қанша мешіт жəне медрес бар екен қалай жұмыс істеп жатқан толық ақпарат сайт немесе почталық ящик болу керек Мемлекеттік органда тіркелу қорғау болу керек барлық мешіт , медресе Қазақ елінде қатал заң қабылдау керек салафизмге қарсы Ата бабамыз салт дəстерді жəне суннит ханафия қалдырды толық ақтаумыз керек Ата бабамыз алында

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар