Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек жан: Еуропада біздегідей Қытайдың арбасын бере салмайды

Арнұр Ысқақов мүгедек жандарға алдымен білім берілуі керектігін алға тартты. Мұнымен қатар, Еуропада мүгедектерге әлдеқайда жақсы жағдай жасалатынын айтып өтті.

апе

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Мүгедектер арбасына таңылып отырғаныма 9 жыл болды. Бір қызды құтқару үшін суға секіргенімде, мойын омыртқам сынған еді. Ал әлгі қыз жай ғана жігіттермен әзілдеспек болған екен. Бірақ мен мойымаймын. Басқа салғаннан кейін көтеруің керексің. Әрине, басында қатты қиналдым. Жүріп жүрген азамат үшін отырып қалу – қиын нәрсе. Журналистер мүгедек жандардың жұмысқа жарамды екендіктерін көбірек дәріптесе, олар шабыттанар еді деп ойлаймын. Әр адамның психологиясы әртүрлі болады.

Осыған байланысты қиындықтарын әртүрлі жеңіп отырады. Екі жыдан кейін арбаға отырып, әке-шешем, достарым, жұбайымның арқасында осы жағдайға жетіп отырмын. Жұмыс таппай қиналғаным да рас. Мүгедек жандарды көп адам жұмысқа алғысы келмейді. Бұл мүгедек жандардың білімсіздігімен де, физикалық жағдайымен де байланысты. Мысалы, шахтада жұмыс істеп жүрген адам арбасымен барып жұмысқа қайта кірісіп кете алмайды. Өзім хирургия саласында білім алдым. Екі қолым істемегендіктен, арманымнан бас тарттым. Маған алдыларына өтініп сұрап барғаннан кейін ғана жұмыс берді. Әйтпесе, жыламаған балаға ешкімнің сүт бермейтініне көзім жетті. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығы жұмыспен қамтылмаған. Ал мұны тексеріп отыратын арнайы ұйым жоқ.

Әдетте 6 ай көлемінде қоғамдық негізде алады. Осы уақыт ішінде 20-30 мың теңге төленеді. Шындықты ашып айту керек. Мысалы, мен қазір сіздерден кем алмаймын. Құдайға шүкір, үйім мен көлігім бар. Осының барлығына білімімнің арқасында жетіп отырмын. Білімсіз адам алдына келгенде, барлығы да жұмысқа алмайды. Сол себепті, мүгедек жандарға бірінші кезекте білім беру керек. Артынша ЖОО міндетті түрде жұмыс тауып беріп отырсын. Шетелде мүгедектің дене бітіміне сай арба береді. Артынша архитекторар келіп осы арба жүре алатындай үйдің ішкі құрылысын өзгертеді. Ал бізде Қытайдың арбасын ұсынады. Өзімнің арбамды 700 мың теңгеге сатып алдым. Яғни Астана қаласы мүгедек жандардың жүріп-тұруына 98℅ қолайсыз», – дейді Арнұр Ысқақов.

Азаматтың сөзін Ерболат Абулхатин да қолдады. Десе де, мемлекеттің осы мәселені реттеу үшін барын салып жатқанын жасырмады.

«Жоғарыда айтылған кей мәселе өте орынды. Мүгедек жандардың ішінде жұмыс істегілері келмейтіндер де болады. Қазір оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Нақты сандарға келсек, 6 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты. Мемлекет жылдан жылға осы мәселені қолға алып отыр. 2018 жылдан бастап көптеген өзгерістер енгізіледі. Мұнымен қатар, жұмыспен қамту жұмыс берушілерге де тікелей байланысты», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Ерболат Абулхатин.


Жіберіп алмаңыз:

Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Талқылау