Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Львовта ер адам пиццаға ақша төлемес үшін, желдеткіш шахтасына өрмелеп кеткен (видео)

Алғашқыда пиццерия қызметкерлері ер адамның жағдайы нашарлады деп ойлаған. Өйткені, ол дәретханаға кіріп жарты сағат шықпай қойып, тіпті есік қақса да жауап бермеген.

Безымянный

Сурет neva-vent.ru

Бұл туралы tvzvezda.ru хабарлайды.

Сосын қызметкерлер полиция шақырған. Алайда тәртіп сақшылары есікті ашқан кезде ішінде ешкім болмай шықты. Тек желдету шахтасын тексерген кезде барып, тұтынушының әлі де болса пиццериядан шығып кетпегені анықталған.

Ал ер адам болса бұл әрекетке ақша төлегісі келмегендіктен емес, құлап кеткен телефоны мен сөмкесін алмақшы болып барғанын айтты. Кейінірек клиенттің есірткі қабылдап алғаны белгілі болды. Тіпті бұрын ұрлық жасағаны үшін де сотты болған екен.

Талқылау