Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лұқпан Жолдасов мәдениет саласының үздігі атанды

Қазақ эстрадасының үздік композиторларының бірі Лұқпан Жолдасов Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Астана қаласында жеке сазгерлік кешін өткізді. Сонымен қатар, осы күні, яғни 14 ақпан күні орындаушы 50 жасқа толды.  Концертке stan.kz сайтының тілшісі барып қайтқан болатын.

лукпан7

лукпан8
Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек. 3 сағатқа созылған концертте композитордың 34 әні шырқалып, 50-ге жуық әнші өнер көрсетті. Туындылардың арасында сазгердің халыққа таныс әндерімен қатар жаңа өнімдері де бар.

лукпан4

«Көптеген композитор ағаларымыз өздерінің кешін беріп жатыр. Менде 50 жылда не бітіргенім жөнінде халық алдында есеп бергім келді. Мен бұл кеште көп ән орындамаймын. Әндерімді таныстырып, шығу тарихы жөнінде айтып өтем. Кеш барысында менің жаңа және ескі әндерім орындалады. Бұрын Каспий тобы орындаған әндерді жаңаша өңдеумен орындаймыз», – деді Лұқпан Жолдасов.

ұлықпан3

Ал, кештің басты тосын сыйы Лұқпан Жолдасовтың жарының ән салғаны болды. Отыз жыл бір шаңырақтың астында береке мен татулықта өмір сүріп келе жатқан жұбайлар «50-ге арнау» деп аталатын жаңа ән ұсынды. Сөзін Ринат Зайтов жазған.

ұлықпан2

«Ол 24 жыл сахнаға шыққан жоқ. Онда да облыс көлемінде сахна болды. Яғни облыстық филармония сахнасында біраз жұмыс жасадық. Өмірлік жұбайым Айған екеуміз дуэт айтамыз. Сөзі қатты ұнады өзімізге. Осы 50 жылда жүріп өткен жетісітіктеріміз жөнінде болмақ. Ауылдағы бірен-саран адам болмаса, халық жұбайымның ән айтатынын білмейді. Кезінде бірге ән айтқанбыз, ол Бас гитарада ойнайтын. Мен, балам және қызым сахнада жүрген соң өнерді тастап кетті. Үйге қарайтын бір адам керек. Сондықтан біраз қарайып қалды. Бірақ біз жан-жақтан айтып, халыққа қызық болсын деп шығардық»,-деді сазгер.

Ұлықпан1

Кеш бойы сахнада Лұқпан Жолдасов әндерімен ғана емес, сондай-ақ өзінің қалжыңдарымен де халықты қуантты. Ал концерт соңында 30 жылдық еңбегі мен қазақ музыкасына қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Лұқпан Жолдасовты «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

лукпан9

«Лұқпан ағамыздың мәдениет саласында, оның ішінде эстарада өнерінің дамуына, өркендеуіне қосқан үлесі үшан теңіз. Дарабоз композитор. Кештің иесі Лұқпан ағамыз жастарды тәрбиелеуші ұлағатты ұстаз… Өзіңізді сүйетін, әндеріңізді тыңдайтын халықтың алдында ҚР Мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлының бұйрығымен сізді мәдениет саласының үздігі төс белгісімен марапаттауға рұқсат етіңіз», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Музыка өнері басқармасының бас сарапшысы Қуанышбек Мұқанғалиев.

лукпан6

лукпан5

Талқылау